САУРАН: ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ — БІЛІМДІ ҰРПАҚПЕН!!!

«Балаларды мектепке даярлайық» акциясы өз жалғасын табуда. Аталған акция партияның бастамасымен 2010 жылдан бері «Бақытты отбасы» жобасы аясында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Ізгі шараға барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, БПҰ төрағалары, партия белсенділері мен қызметкерлері атсалысып келеді.

Осы орайда, бүгін «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалы ұйымдастыруымен, аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы аналарға көмек беру мақсатында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында » Балаларды мектепке дайындаймыз» атты қайырымдылық акциясы «Шаға» бастауыш партия ұйымында өткізілді. Игі шараға «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының атқарушы хатшысы С.Асылбеков, «Шаға» БПҰ төрайымы М.Алиева, мектеп оқушылары, ата-аналар қатысты.

Акцияға қатысқан филиал басшысы С.Асылбеков, «Шаға» бастауыш партия төрайымы М.Алиева оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, мектепке қажетті сөмке мен оқу құралдарын тарту етті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.