САУРАН: ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРҒА БЕТБҰРЫС

Бүгін Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында педагог қызметкерлердің дәстүрлі Тамыз кеңесі болып өтті. Білім беру саласы мамандарының басқосуы педагогтар үшін жаңа оқу жылының басталуына тың серпіліс беретін дәстүрлі кездесу екені белгілі.

Тамыз кеңесіне Сауран ауданының әкімі Ғани Құрмашұлы,Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Берік Құрманғазыұлы, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіптік даму институты, директордың инновациялық білім жөніндегі орынбасары Ахтаев Мухтар Бексултанұлы және БАҚ өкілдері, ардагер ұстаздар, кәсіподақ кеңесінің өкілі, мектеп басшылары мен педагогтер қатысты.

Бөлім басшысы Ақмарал Үсенқызы 2021-2022 оқу жылындағы білім саласында атқарылған жұмыстар және жаңа оқу жылындағы міндеттерге тоқталды.

Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде қол жеткізген табыстары мен білім саласына сіңірген еңбектері үшін бірқатар педагогтер марапатталып, оқушылардың сазды сәлемімен аяқталды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

8 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.