СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ІРІ ОТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

2024 жылғы 1 мамырда Премьер-Министрдің отандық өндірісті қолдау бойынша тапсырмасы аясында вице-премьер Серік Жұманғарин Шымкентке барып, жұмыс істеп тұрған ірі өндірістік және ауыл шаруашылығы нысандарының жұмысымен және құрылыс барысымен танысты.

Шымкент көлік-логистикалық орталығының аумағында ауданы 5 га «НМИ-Юг» ЖШС көпфункционалды қойма кешені салынуда, жобаның құны — 10,2 млрд теңге. Құрылыстың бірінші кезеңін биыл аяқтау жоспарлануда, бұл кезеңнің құрылыс-монтаждау жұмыстары 90% — ға орындалған. Қойма үй-жайларының жалпы ауданы 22 мың шаршы метрді құрайды. «НМИ-Юг» ЖШС құрылтайшысы Айжан Наимбекованың айтуынша, бұл климаттық бақылаудың икемді жүйесі, тоңазытқыш камераларының температурасын -18-ден+ 4 градусқа дейін реттеу мүмкіндігі бар А +санатындағы қойма болады. Бұл тауарлардың кең ассортиментін сақтауды қамтамасыз етеді.

Мұнда вице-премьерге «Alsera kz»ЖШС жылыжай кешенін салу жобасы таныстырылды. Құны $650 млн болатын инвестициялық жобаны «Бозарық» индустриялық аймағында «Alarko Holding»түрік компаниясы жүзеге асыруда. Бұл жаңа технологияларды қолдана отырып, 500 га алаңда кезең-кезеңімен іске асырылатын болады. Мұнда қияр, қызанақ, бақша, тамыр дақылдары мен басқа да ауылшаруашылық өнімдерін өсіру жоспарлануда. Бұл Шымкенттегі қызанақ пен қияр өсіретін ең үлкен жылыжай кешені болады, 2000-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков СЛО аумағында жүзеге асырылатын басқа да жобалар туралы хабардар етті. Серік Жұманғарин іске асырылып жатқан жобалардың перспективаларын жоғары бағалап, мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті, Өйткені, жобалар АӨК саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары — ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді 70% — ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Вице-премьер «AZALA Textile»ЖШС — Қазақстандағы дайын тоқыма өнімдерін өңдеу және шығару бойынша толық аяқталған циклдің ірі және жалғыз тоқыма фабрикасына барды. Фабрикада 475 адам жұмыс істейді. Бірегей тоқыма комбинаты иірілген жіптен тоқыма бұйымдарына дейін өнім түрлерін шығарады. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 6 800 тоннадан астам иірілген жіп пен 14 млн. сызықтық метр ауыр матаны құрайды. Бұл экспортқа бағытталған кәсіпорын, AZALA Textile өз өнімдерінің шамамен 70%-ын таяу шет елдерге, Литваға, Германияға, Италияға, Польшаға, Бельгияға, Данияға, Латвияға және Түркияға тасымалдайды. Өндірістік цехтарды тексеру және зауыт басшылығымен әңгімелесу қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин отандық тоқыма өндірушісінің мемлекеттік мұқтаждықтары үшін өнім сатып алуды ұлғайту мүмкіндігін үкіметтік деңгейде пысықтауды тапсырды.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin