2022-2023 оқу жылының басталуы «Мектепке жол — Шекарасыз жақсылық» акциясымен бірге.
Т.Момбеков атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі, Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде, ағымдағы жылы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілетінін хабарлайды.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
Акцияның мақсаты:
Көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жартылай жетім балаларға, оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы –2022 жылдың 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Жақсы істің жемісті болуы оның жүйелі жүзеге асырылуымен «Мектепке жол» қайырымдылық мектебімізде биыл да көптеген қамқорлық шараларын көрсетсек деген мақсатпен акцияның бастауы жасалынды.
КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗАМЫН ДЕГЕН ЖАНАШЫР ЖАНДАРДЫ КҮТЕДІ.
Демеуші болып қамқорлықтарыңызды көрсеткілеріңіз келсе мектебіміздің әлеуметтік педагогы Қуанышбекова Лейламен хабарласа аласыздар!
Байланыс телефондары: 87783620926