— Созақ ауданы педагогикалық қызметкерлерінің «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы аудандық Тамыз кеңесі өтті. Айтулы іс-шараға Созақ ауданының әкімі Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлы, аудандық мәслихаттың хатшысы Байғараев Бегімбет Биімбетұлы, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Нәлжігітова Рысалды Оңғарқызы, ауыл әкімдері, аудандық әдістемелік кабинет әдіскерлері, мектеп директорлары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен ардагер ұстаздар, білім саласының мамандары қатысты.
— Тамыз кеңесінде педагогтер білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін талқылады.
— Кітапханашылар мен мектепке дейінгі ұйымдардың, жетекші мектептер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында білім беру саласына қосқан үлесі үшін білім саласының майталман мамандары мен ұлағатты ұстаздары марапатталды.
Кеңес соңы концерттік бағдарламаға ұласты.