СОҢҒЫ ҮШ ЖЫЛДА ШЫМКЕНТТІКТЕРДІҢ ӘЛ-АУҚАТЫ ЖАҚСАРДЫ

Шымкент соңғы үш жылда әлеуметтік-экономикалық бағытта көзге түсті. Халықтың әл-ауқаты жақсарды. Ең бастысы қала халқына қажет инфрақұрылым саласы қолға алынып, осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Осыдан үш жыл бұрын электр жарығының қуаттылығы 330 мВт-ны құраған, ал нақты қажеттілік 455 мВт. Қала халқына ең қажетті электр жарығына деген тапшылықты болдырмауда 220 мВт құрайтын «Бозарық» қосалқы станциясы салынып, электр қуаттылығы бойынша мәселе 2025 жылға дейін шешімін тапты. Сонымен қатар, 250 мың текше метрді құрайтын АГРС нысаны да 2030 жылға дейінгі табиғи газ тапшылығын туындатпайды. Ал 2020 жылы қаладағы ауыз су қажеттілігі тәулігіне 323 мың текше метр болса, қолданыстағы судың қуаттылығы 273 мың текше метрді құраған. Мәселені шешу мақсатында 91 мың текше метрді құрайтын «Көмешбұлақ» магистралды суаққысы салынып, ауыз сумен қамту 2030 жылға дейін шешілді.
Шымкент қаласы соңғы үш жылда құрылыс саласы жағынан да көш басында тұр. Шаһардағы туризм мен мәдениеттің ілгерілеуіне, экономикалық дамуы үшін инвесторларды тарту ісінде инфрақұрлымның маңызы зор. Әсіресе, қаланың транзиттік әлеуетін арттыру бағытында жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі басым болуы тиіс. Сондықтан қаладағы автомобиль жолдарының сапасы жақсарып, орталық көшелерде ірі жолайрық құрылысы қарқын алған. Мәселен, 2020 жылы жол құрылысы саласынада 225 нысан немесе 283,8 шақырым жол жөнделіпті. 2021 жылы 189,7 шақырым жолға құрылыс жүргізілсе, 2022 жылы 287,8 шақырым автомобиль жолы орташа және күрделі жөндеуден өткен. Ал, биылғы жылдың соңына дейінгі жоспар бойынша 304 шақырым жолдың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Осылайша, 2023 жылды жол құрлысы саласы жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, биыл қалаға кіреберістегі басты магистральды жолдағы жолайрықтың құрылысы, қаланың Солтүстігі мен Оңтүстігін байланыстыратын магистральды жолдың, қаланың транзиттік әлеуетін арттыратын Бәйдібек би-Арғынбеков жолайрығы, Оңтүстік және Шығыс айналма жолдары, Қонаев даңғылының 3-ші кезеңін, Өтегенов көшесінің жалғасын, Темірлан тас жолы және А-2 автомобиль жолындағы үш жаяу жүргіншілер өткелдерін пайдалануға беріледі.

Жалпы Шымкентте экономиканың негізгі салаларында даму көрсеткіші жылдан жылға жақсарып келеді. Көрсеткіштерге келетін болсақ, соңғы үш жылда бюджет көлемі 2,6 есеге немесе 244 млрд. теңгеден 642 млрд. теңгеге дейін жетті. Яғни бюджеттің жеке дербестігі 10 пайызға артты. Ал өнеркәсіп өнімінің көлемі 492 млрд. теңгеден 937 млрд. теңгеге жетті, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58 мыңнан 128 мыңға дейін өсті. Сонымен қатар қала экономикасына 2 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылды. Экономиканың орнықты дамуы бюджет көлемінің артуына ықпал етті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.