Сайрам: «Ауыл – Ел тірегі» жобасының кезекті онкүндігі Арыс ауылдық округінде басталды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Ауыл – Ел тірегі» жобасының кезекті онкүндігі Арыс ауылдық округінде басталды.


10 мыңнан астам тұрғыны бар Арыс ауылында алдағы күндері нақты 48 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Бұл жоспар барысы аудан әкімі Уласбек Садибеков төрағалық еткен мәжілісте сөз болды.

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Мади Нурлыбаев қолға алынатын шараларды баяндады.

Арыс ауыл округінде қалған 51,5 га жайылымдық жерлерді электрондық картаға енгізу және ШҚ мен заңды тұлғалар арасында ауыл округі жерлерін цифрландыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Электронды картаға енгізу бойынша, ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан бір маман базаға ендіру үшін ауыл округі әкімдігінде жұмыс атқарады. Ауыл округ аумағындағы каналдарға бақылау жүргізу барысында Ж.Меңлібаев көшесі бойындағы ішкі арық (150 метр), Нұржанқорған ауылындағы «Сасықбұлақ» (1 км) жалпы 1,15 км механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. “Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы” бойынша үйіргелік жерлеріне тамшылатып суғару әдісін орнату тапсырмасы 6 қожалыққа тамшылатып суғару әдісін енгізу жұмыстарын жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы жерлерін нысаналы мақсатына сай пайдаланбай жатқан заң бұзушылықтарды анықтау, жерді қалпына келтіру және ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге заңсыз тұрғын үй құрылысын жүргізген жерлерге талдау жүргізіп, тиісті шара қолдану бойынша жұмыстары. Арыс ауылдық округінде орналасқан Уалиханов көшесіндегі тозығы жеткен 2 дана электр бағанасын ауыстыру жұмыстарын жүргізу, ауылдық округінде жергілікті тұрғындармен бірлесіп, сенбілік жұмыстарын жүргізу, Нұржанқоған елді мекені Атамакен көшесінде 1 дана және Меңлібаев көшесінде 1 дана электр трансформаторларының қоршауын,- деді Мади Абайұлы.

Ертең қорытындысында онкүндіктің нәтижесі осылай болды, келесі жылдың бюджеттін қараймыз мәслихатта. Міне осы онкүндікте бөлімдерден ұсыныс түсті давайте поддержим елді мекендеріміздің реңі кіреді қаражат қарайық. Сонда кім істеу керек жәй барып қайтасыздар онкүндікке. Әріптестер мен өздеріңіздің ұсыныс күтем. Тек жүрекпен жұмыс жасау керек сонда ғана онкүндіктен нәтиже шығады,- деп нақтылады Ұласбек Сәдібекұлы

Жоспарланған іс-шараларға аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев жауапты ретінде бекітілді.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.