
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» 23.04.2021 жылғы №179 бұйрығына сәйкес, Сайрам ауданында 2021-2022 оқу жылында мектеп оқушыларын оқулықтармен 100 пайыз қамту жоспарланып отыр.
Биыл оқу-әдістемелік кешендерге қазақ және орыс тілінде білім алатын 1-11 сыныптардың 59472 оқушылары үшін 240740 дана оқулықтарға Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы тапсырыс берді.
Бүгінгі таңда білім бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2021-2022 оқу жылына дайындық барысында ұйымдасқан түрде оқулықпен қамтамасыз ету және пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында мектеп кітапханасындағы оқулықтарды 02-20 тамыз аралығында тарату қолға алынды.
Жалпы 47491 оқушы мектеп кітапханасындағы кітаптармен қамтылды, нақтыласақ, 80 % құрайды.
Тамыз айының 20-25 аралығында ауданымызда 1-ші сыныпқа алғаш қадам басатын 6026 оқушыға жаңа «Әліппе» оқулығы және қосымша көркем әдебиеттер тапсырылмақ.
«ANYQ.KZ» — ақпарат