Сайрам ауданы әкімі Ұласбек Сәдібекұлының бастамасымен Көлкент ауылдық округінде “Ауыл ел — тірегі” онкүндік аясындағы іс шаралар жалғасуда. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Оның барысында Ақсуабад ауылындағы Ақсуабад-Қайтпас жолын кеңейтіп, асфальт төсеу жоспарланған.
Бүгін әкім аппаратының ұйымдастыруымен Ақсуабад ауылының белсенділері, ауыл билері, көше комитеттері, ауыл жастары және ауыл кәсіпкерлері бірлесіп, асар жолымен аталған көшенің жолын кеңейту қолға алынды.
Одан бөлек, Қосбұлақ ауылы 63 Қ.Сәтбаев жалпы орта мектебіне қарасты жалпы аумағы 0,10 га жер телімін абаттандыру жұмыстары мекеме басшысы А.Атахановтың басшылығымен ұйымдастырылып, тазарту жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ ауыл әкімшілігі қызметкерлері, ақылы қоғамдық жұмысшылар Ақсуабад ауылы Тәуелсіздік көшесін және Шапырашты ауылы Ақтан ата көшелерінде санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.
Айта кетейік, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Ауыл – Ел тірегі» жобасының кезекті онкүндігі Көлкент ауылдық округінде басталған болатын.
«ANYQ.KZ-ақпарат»
Wow, awesome weblog format! How lengthy have you been running a blog for?
you make running a blog look easy. The whole glance of your web site is excellent,
let alone the content material!