Сайрам ауданы: 1083 шақырым жер электронды картаға енгізілген

Түркістан облысы, Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Оразбаев Мұрат Жақсымбетұлы Сайрам ауданы әкімдігінде БАҚ өкілдерімен кездесіп, жыл басынан бері атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өткізді.


Бүгінгі таңда ауыл шаруашылық жерлерін цифрландыру бойынша егістік жер -5697 га электронды картаға енгізіліп, жоспар 53 % ға орындалған. Жайылымдық мақсаттағы 1083 га жер электронды картаға енгізіліп, жоспар 55,2 % ға орындалды. Міндетті әулеуметтік медициналық сақтандыру және өзектендіру жұмыстары бойынша 829 адамды құрап, оның ішінен 218 адам БЖТ төлеген, 26 % орындалған.

АӘК бойынша шартты 100 отбасыға, шартсыз 25 отбасыға тағайындалды. Ақбұлақ ауылдық округі бойынша жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күресу жөніндегі мобилді топ мүшелері тарапынан ТО Көлікті бақылау инспекциясымен бірге 5 техникаға айыппұл салынды және 7 құжатсыз ауыр автокөліктер Ақбұлақ ауылындағы уақытша айыптұраққа қойылды,- деді өз баяндамасында Мұрат Жақсымбетұлы.

Электр жарығы бойынша 100% қамтылған. Ауылда көптеген электр бағаналардың тозығы жеткен. «Ауыл — Ел тірегі» 10 күндік іс-шарасы аясында 5 КТП шарбақпен қоршалып, 6 электр бағанасы мен 300 метр сымдары ауыстырылды.

Ауыл округіндегі 32 көше бар, бүгінгі таңда 30 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп барлығы-90% құрап отыр. Ауыл орталығына аудандық маңызы бар Ә.Құрмантаев көшесі өткен. Облыстық маңызы бар көше КХ-3 «Көксәйек-Ақсукент –Шаян» автожолының Ақбұлақ ауылынан өтетін бөлігіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.