Саурандық кәсіпкерлер қытайлық компаниямен тәжірибе алмасып жатыр

Мемлекет басшысы Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру басты мақсат екендігін атап өткен болатын. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындаруын құру бағытында нақты тапсырмалар жүктеді. Осы тапсырманы негізге ала отырып, Сауран ауданы әкімдігінің бастамасымен бизнес өкілдерінен құралған делегациясы Республика күні қарсаңында ҚХР-ға арнайы іс-сапармен барды. Сапардың негізгі мақсаты – облысқа инвестиция тарту, екі жақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибие алмасу болып табылады.

Саурандықтар бірінші кезекте Боро-Тала қаласындағы Арасан ауданының кәсіпорындарын аралап көрді. Балық шаруашылығы, саңырауқұлақ өндірісі мен тәтті жүгері өндірісінің жұмыстарымен танысты. Қытайдағы аква мәдениет негізінен жергілікті халықтың күріш өсіруі кезінде дамыған. Қытай әлі күнге дейін әлемде бұл кәсіп саласы бо­йынша алдына жан салмай келеді. Себебі, қазір әлем бойынша ең та­бысы мол бизнестің түрі осы балық ша­­руашылығына тиесілі. Аталған қалада балық өсіру кеңінен қолға алынған. «Салқын су» балық шаруашылығында бекіре, форель, янтарь балық түрін өсіреді. 30 жылдан астам дәл осы кәсібпен айналысқан шаруа қожалықта бекіре балықтың ұзындығы 4-5 метрге дейін жетіп, салмағы 90 келіден асатын балықтар бар.

Делегациясының іссапары әрі қарай Қарабұқа ауылында жалғасты. Аумақта жүгері өсіру және өңдеу әлеуеті жоғары. Онда ауқымды “Шин ноң” тәтті жүгері өндіріс кооперативі жүгеру зауыты жұмыс істейді. 350-400 гектар жерге жүгері егіп, бір маусымда экспортқа шығарады.

Делегация құрамына өнімді өсіру мүмкіндігі түсіндірілді. Сонымен қатар, “Кен юань” саңырауқұлақ өндірісінің жұмысы таныстырылды. Қытай халық республикасында 22 түрлі саңырауқұлақ өнімдерін тұтынса, мұнда оның 11 түрі өсіріліп, сатылымға шығарылады.

Сапардың екінші күні саурандықтар мақтаны тереңдетіп өсіру, тұқым өндіру және оны өңдеу, жіп шығару технологиясымен танысты. Арасан қаласының шаһар басшылығымен екі жақты кездесу өткізіп, Түркістан облысына келуге шақырды. Нәтижесі бойынша Қытайдың бай тәжірибесі негізінде Түркістан өңірінде жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен алдағы уақытта бірнеше зауыт-фабрикалар жұмыс істейді деген жоспар бар.

Өңірге инвестиция тарту, екі жақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибие алмасу бағытында саурандық делегацияның іссапары Қытай Халық Республикасында жалғасуда.

Кәсіпкерлер бүгінгі сапарын Чыңду ауданының Шиньжин қаласындағы «СITICO» өндірістік зауытының жұмысымен танысудан бастады. Онда зауыттың әлеуеті таныстырылып, барлық мәліметер ұсынылды. Әлем бойынша ең табысы мол бизнестің түрі болып табылатын балық шаруашылығына қажетті өнімдер өндірілуде. Атап өтетін болсақ, зауытта 60-тан астам балық жемдерін әзірлеуде. Аталмыш нысанның қуаттылығы жылына 500 мың тонна балық жемдерін өндіреді. Ішкі нарықта сұраныс жоғары болғандықтан өнімдерін импорттаумен қатар, шет ел мемлекеттеріне де эспорттауда.

Делегация компанияның дайын өнімдерін шығару бойынша жұмыстарымен тәжірибие алмасты. Балық өнімдерін өндірумен айналысуға ниетті бизнес өкілдеріне компанияның қолданып жатқан жабдықтарының тиімділігі мен жабдықтардың технологиясы бойынша ақпараттарымен бөлісті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin