Сауран: Оқушылардың білімін толықтыру мәселесі бойынша педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу

Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» No630 хаты негізінде ауданға қарасты білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Оқушылардың білімін толықтыру мәселесі бойынша педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында Молда Мұса атындағы жалпы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімдері, эстетикалық пәндер әдістемесі өтілді.

“Музыка және көркем еңбек пәндерін оқытуда шығармашылық жұмыстар ұйымдастырудың тиімділігі” тақырыбында секциялық жұмыстар болып, 2022-2023 оқу жылындағы өзгерістер мен оны оқытушыларға түсіндіру барысында ұлттық құндылықтар негізінде сабақ өту тиімділігі талқыланды. Эстетикалық пәндер бойынша Түркістан облысы әдістемелік орталығыңның эстетикалық пәндер әдіскері Архабаев Нұғман Сманұлы және Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің эстетикалық пәндер әдіскері Алдияров Октябрь Қалдыбайұлы әдістемелік десант өткізді. Эстетикалық пәндерге әдістемені жоғары деңгейде өткізген, жаны ашыр болып жүрген Архабаев Нұғман Сманұлы ағайға алғыс білдіреміз және шығармашылық табыс тілейміз!

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.