Сауран ауданында облыстық «БІЛІМ БӘЙГЕ» интеллектуалдық сайысы ұйымдастырылды

Жастардың танымдық қабілетін арттырып, интеллектуалды ойынға қызығушылықтарын оятып, білім деңгейлерін көтеру мақсатында облыстық деңгейдегі «БІЛІМ БӘЙГЕ» сайысы ұйымдастырылды. Білімділік пен шапшаңдықты талап ететін кіл жүйріктердің додасын аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ жоғары деңгейде өткізді.

Интеллектуалды сайыста сөз алған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен аудандық мәслихаттың депутаты Хуршид Шарапов қатысушыларға сәттілік тіледі.

— Бұл интеллектуалды сайыс ауданымызды жаңа бағытпен өркендету жолына септігін тигізуде. Қазір елімізде зияткер жастарды қалыптастыру үдерісі қарқын алуда. Жастардың сапалы білім алып, спортпен, өнермен шұғылданып еліміздің дамуына өз үлестерін қосуы бағыты қарқын алып келеді. Алдағы уақытта да зияткерлік сайыстар ұйымдастыруға аудан әкімдігі тарапынан тұрақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Бүгінгі білім бәйгесінде ойлары ұшқыр, білімді жас жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймын, — деді аудан әкімі.

Білімді жастардың басын қосқан сайысқа «AMANAT» партиясы Сауран аудандың филиалының төрағасы Сағынбек Жақсыбекұлы, Сауран ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Байғазыұлы, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшы орынбасары Пердебек Сержанұлы мен қоғам белсендісі Гүлнара Өстемірқызы әділ қазылық жасады.

Сайыс 4 кезең бойынша өтті. Қатысушылар салт-дәстүр, өнер және жалпылама сұрақтар бойынша сынға түсті. Облыстық деңгейде өткізілген білім жарысына Түркістан, Арыс, Кентау қалалары мен Отырар, Сауран аудандарынан 27 құрама команда қатысты. Әр кезең бойынша жауап беруге 1 минут уақыт берілді.

Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша үшінші орынды «Әл-Фараби» командасы (Түркістан облысы) иеленді. Ал, екінші орынға «Жібек жолы Алау» командасы (Сауран ауданы) командасы тұрақтады. Бірінші орынды «2/2» командасы (Кентау қаласы) командасына бұйырды. Барлық командаларға аудан әкімі атынан арнайы алғыс хат және қаржылай сыйлықтар табысталды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin