Сауран ауданы: Жаңа Иқан ауылдық округіне қарасты Ибата елде мекенінде балалар ойын алаңы ашылды

Жаңа Иқан ауылдық округіне қарасты Ибата елде мекенінде балалар ойын алаңының ашылу салтанаты болып өтті. Шараға ауыл әкімі Тахир Абдаев құттықтау сөз сөйлеп, спорт алаңы ауыл халқының игілігіне қызмет ететінін айтты. Сондай-ақ, ауыл ақсақалдары мен кәсіпкерлері осындай игі істің басы-қасында жүрген азаматтарға алғыстарын білдірді.

Ашылу салтанатында жастар мен жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау мақсатында кіші футболдан Жаңа Иқан ауылдық округі әкімінің кубогы ұйымдастырылды. Оған аудан аумағынан 10 команда қатысып, өзара бақ сынады.

Жарыс нәтижесі бойынша Жаңа Иқан командасы (жаттықтырушысы — Шахрух Юлдашев) жеңімпаз атанса, Ескі Иқан ауылынан келген «Иқан жастары» (жаттықтырушысы — Жамшид Абутаиров) екінші, М.Юлдашев атындағы спорт мектебі командасы (жаттықтырушысы — Хурсан Адаханов) үшінші орынға ие болып, кубок, медаль және грамоталармен марапатталды.

“Мектеп Жаңа Иқан” ЖШС жалпы орта білім беру мекемесінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мейірбек Әсетов үздік төреші атанса, Нурбах Абдукаримов (Жаңа Иқан) үздік сұрмерген, Асатбек Юлдашев (“Иқан жастары”) үздік шабуылшы, Чинорбек Умрханов (М.Юлдашев атындағы спорт мектебі) үздік қақпашы номинациясына ие болды.

Еске салсақ, Жаңа Иқан ауылдық округі Сауран аудан орталығынан 75 шақырым қашықтықта орналасқан, екі елді мекеннен құрылған, яғни Ибата және Ойық елді мекендері. Ойық ауылы орталықтан 20 шақырым қашықтықта орналасқан. Одан басқа, Қызыл-Ту, Ақтөбе, Нұра учаскелері бар. Оларда малшылар, маусымдық жұмысшылар қоныстанған. Нұра учаскесі  орталықтан 45 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жалпы халық саны — 7871 адам, Ибата ауылында — 1067 отбасы, 7750 адам, Ойықта — 39 отбасы, 121 адам тұрады. Олардың ішінде қазақтар — 1111 адам, 14,1%, өзбектер – 6736 адам, 85,5%, өзге ұлт өкілдері — 24 адам, 0,3% құрайды.

  Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша жұмысқа қабілетті 2978 адамнан 1742 адам ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Ауылдық округі әкімі аппаратында — 19, білім беру саласында — 420, денсаулық саласында — 41, балабақшада — 67, тағы басқа салаларда 696 адам жұмыс атқаруда. 

Ауылдық округ әкімі Тахир Абдаевтың айтуынша, ауылдық округі әкімі аппаратында 19 қызметкер еңбек етіп жүр, оның ішінде 8-і — мемлекеттік қызметкер, 11-і келісімшартпен жұмыс істейді. Ауылдық округі әкімі аппаратына 2024 жылдың 3 айында мекемелерден 280 қатынас хат келіп түсіп, жауап берілген, мекемелерге 142 шығыс хат жолданған. Ауылдық округі әкіміне 2024 жылдың 3 айында жеке тұлғалардан 23 өтініш тіркеліп, жауаптары уақытылы беріліп, қанағаттандырылған. Заңда тұлғалардан өтініш түсіп, тіркелген жоқ. 2024 жылы ауылдық округ тұрғындарынан арыз-шағымдар түсіп тіркелмеген.

Ауылдық округі әкімі 58 шешім, 30 (жеке құрам бойынша — 18, негізгі қызмет бойынша — 12) өкім қабылдаған екен.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша не атқарылғанына тоқталсақ.

Ауылдық округі бойынша жалпы жер көлемі

Көрсеткіштер Көлемі, гектар  
 
1 Барлық  жер көлемі 74410,62  
2 Ауыл шаруашылығы жерлері 66051,19  
  Оның ішінде: Суармалы егістік  4013,34  
                            Егістік жер 2380,69  
                            Көпжылдық екпе ағаш 2178  
                            Жайылымдық жерлер 56953,51  
                            Өзге жерлер 825,97  
3 Елді мекен жерлері 1346,59  
4 Елді мекен жайылым жерлер 3661,10  
5 Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер 650,63  
6 Су қоры жерлері 1665,06  
7 Орман қоры жерлері 1035  
8 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер 0,63  

Бүгінгі таңға елді мекендердің 2778 гектар ортақ мал жайылымдық жеріне мемлекеттік акт рәсімделген, қосымша ортақ жайылымға 106 гектар жерге мемлекеттік акті рәсімделуде. Елді мекендердің ортақ мал жайылымдық жерлерін ұлғайту бойынша 30 шаруа қожалығының 4057,51 гектары қайтаруға ұсынылған. Одан бөлек, ортақ мал жайылымға пайдалану үшін 27 шаруа қожалығымен 9227,88 гектар жайылымдық жерге меморандум жасалынды.

Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша 2024 жылдың өніміне егілетін (болжам) егістіктердің дақылдар бойынша көлемі

Дақыл түрі Егіс көлемі, гектар
1 Күздік бидай 1055
2 Жаздық бидай 60
3 Дәндік жүгері 155
4 Мақсары 150
5 Мақта 250
6 Ескі жоңышқа 1100
7 Жаңа жоңышқа 300
8 Сүрлемді жүгері 180
9 Картоп 20
10 Көкөніс 100
11 Бақша 760
Барлығы 4130

 Жаңа Иқан ауылдық округі әкімі аппаратына 2024 жылдың 3 айында аудандық бюджеттен бөлінгені — 24950,0 мың теңге, орындалғаны 24777,0 мың теңге болып, 99,9 пайызға игеріліп, барлық қаржы мақсатты пайдаланылды. 124028015159 бағдарламасы бойынша спорттық іс-шараларға қаралған 170,0 мың теңгенің орындалмау себебі бар, жеңілпаз атанған мердігер келісімшарт бойынша атқарылатын қызметтерді орындамады.

Ауылдық округі әкімі аппаратында 19 штат бірлігімен  8 мемлекеттік қызметкер, 11 келісімшарттағы қызметкерлер жұмыс атқарады. Халық саны – 7871 адам.    
Ерекшелігі өлшем бірлігі Көлемі және саны 1 бірлік бағасы 2024 жыл  3 айлық бюджет        
124 001 000 Аппарат шығыны     23204.0        
124 006 000 Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау 136.0        
124 008 000 Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру 1051.0        
124 009 000 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету 389.0        
124 011 000 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру 0,0        
124013015 Автомобиль жолдарын күтіп ұстау .0        
124022015 Мемлекеттік мекеменің кұрделі шығыстары 0.0        
124 028 000 Жергілікті деңгейде дене шынықтыру – сауықтыру және спорттық 170,0        
124045015 Автомобиль жолдарын күтіп ұстау 0        
124045029 Автомобиль жолдарын күтіп ұстау .0        
  Барлығы 24950,0        
  Өзін-өзі басқару заңына байланысты          
  Субвенция 18169.0        
1 Кірістер 15792.0        
2 Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық              104-102 4        
3 Елдi мекендер жерлерiне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы            104-302          16        
4 Табыс салығы 748        
5 Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық               104-402 6402        
6 Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық 0        
7 аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің иелігіндегі меншікті жалға (жалдауға) беруден түсетін кірістер 0        
8 2022 жылдан қалаған қалдық сомма 4685        
9 Жер стаудан түсетін түсімдер 3908  

 

     
10 Біріңғай жер салығы 29        
11 Жер пайдаланғаны үшін төлем 0        
  Барлық кірістер 33961.0        

Салық жоспары туралы

Салық түрлері 2024 жыл 3 айлық жоспар Орындалғаны (мың теңге) %

 

1 Жер салығы 16
2 Мүлік салығы 114 115 100
3 Көлік салығы 5595 6402 114
4 Бірыңғай жер салығы 0 29  

 

4 Жеке табыс салығы 322 748 232
Салық емес түсімдер
5 Айыппұлдар
6 Жалға беру
7 Жер сатудан 750,0 3908,0 521
           

Ауылдық округ бойынша 27 жеке кәсіпкер мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеліп, жұмыс атқаруда. Кәсіптерінің басты бағыты — азық-түлік дүкендері, наубайхана, дәріханалар, компьютерлік қызметтер, жанар-жағармай құю бекеттері, көлік жөндеу, желімдеу және көлік жуу орталықтары, монша, құрылыс заттары дүкені және тағы басқа да кәсіптің түрлерімен айналысады.

Білім беру саласына келсек, Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша 2023-2024 оқу жылында 5 мектепте оқушылар білім алуда. 

«Ұлықбек» жалпы орта мектебі 1984 жылы салынған, сыйымдылығы — 1176 орындық, «Ұлықбек» жалпы орта мектебінде бүгінгі таңда 890 оқушы білім алуда, 156 мұғалім жұмыс істейді. «Ұлықбек» жалпы орта мектебі жанындағы «Әдемі» шағын орталығында жалпы 22 қызметкер жұмыс істейді, 192 бала білім алады.

Ойық ауылында «Ойық шағын жинақталған бастауыш мектебінде» 8 қызметкер жұмыс атқарады, онда 12 оқушы білім алады.

«Жаңа Иқан» негізгі мектебінің құрылтайшысы — Д.Ирисбаев. Мектептің сыйымдылығы — бір аусымда 400 орындық, бүгінгі таңға «Жаңа Иқан» мектебінде 505 оқушы, 60 мұғалім жұмыс істейді.

2024 жылдың қазан айынан бастап жаңадан ашылған «Мектеп Жаңа Иқан 2» негізгі мектебінде 143 оқушы бар, 30 мұғалім жұмыс істейді. Мектептің сыйымдылығы — бір аусымда 229 орындық.

«Дарын.kz» орта мектебінің құрылтайшысы — А.Мирзаханов. Мектептің сыйымдылығы — бір аусымда  400 орындық, бүгінгі таңға «Дарын.kz» орта мектебінде 610 оқушы бар, 72 мұғалім жұмыс істейді.

   Ауылда «Ақ көгершін» бөбекжай балабақшасында 38 қызметкер жұмыс істейді, онда 6 топта 140 бала тәрбиеленуде.

Ауылда «Ханшайым» бөбекжай балабақшасында 29 қызметкер жұмыс істейді, онда 8 топта 128 бала тәрбиеленуде.

Білім беру мекемесінің атауы Қызметкерлер саны Мұғалімдер саны Оқушылар саны
1 Ұлықбек жалпы орта мектебі 194 156 890
2 Ойық бастауыш мектебі 8 4 12
3 «Метеп Жаңа Иқан» негізгі мектебі 77 60 505
4 «Мектеп Жаңа Иқан 2» негізгі мектебі 30 24 143
5 «Дарын.kz» орта мектебі 83 72 610
6 «Ақ көгершін» бала бақшасы 38 17 140
7 «Әдемі» шағын орталығы 22 11 192
8 «Ханшайым» бөбекжай балабақшасы 29 11 128

Әлеуметтік сала бойынша тоқталсақ.

Атауы 2024 жылдың 3 айында
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны 34 отбасы

Денсаулық сақтау қызметін ауылдағы «Жаңа Иқан» дәрігерлік амбулаториясы және «Авиценна-А» қызметкерлері атқарады.

«Жаңа Иқан» дәрігерлік амбулаториясында жалпы жұмысшылар саны — 41 адам, 4 жоғары білімді және 28 орта медқызметкерлер, кіші буын қызметкерлері 4 және 5 әр түрлі жұмысшылар қызмет істейді. Дәрігерлік емханада 11 орындық (койка) күндізгі емхана жұмыс істеп тұр.

«Авиценна-А» емханасында 1 дәрігер, 4 кіші медқызметкер және 1 акушер жұмыс атқарады.

Ауылдық округінде 1 мәдениет үйі бар, онда 8 қызметкер (мәдениет үй директоры — 1, әдіскер — 1, музыкалық жетекші — 1, үйірме жетекшісі — 1, оператор — 1, қарауыл — 3) және 4 үйірме (хор, ән, көркем сөз, ұлттық аспаптар) жұмыс істейді. Жыл басынан 36 мәдени іс-шара өткізілді.

Төрт кітапхана бар, ондағы кітаптар саны — 50788 дана, соның 31174-і — оқулық кітаптар. 2024 жылдың 3 айында кітапханаларда 15 іс-шара өткізілген.

«8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай, апа-әжелеріміз, көп балалы аналар, қыз-келіншектерді елеулі мерекесімен құттықтап, сый-сияпат табысталды. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінде ауылдық деңгейде атап өтіліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды» — дейді ауыл әкімі.

Елді мекендегі байланыс көздері туралы ақпарат

Байланыс атауы Байланыс көзі (+,-) Ескерту
1 «Қазақтелеком» +  
2 Интернет +  
3 Ұялы байланыс, оның ішінде:    
Kcell (aktiv) +  
Beeline +  
Tele2 +  
Altel +  

Ауылдық округі бойынша 2024 жылдың 3 айында әскерге шақырылушылардың саны туралы мәлімет

Орындалу мерзімі Барлық шақырылушылар-

дың саны

Комиссия-дан өткендер саны

 

Оның ішінде ОДС іріктелгені Әскерге кеткені
1 2024 жыл 240 65 9 2

Ауылдық округі бойынша 2024 жылдың 3 айында 1 ұрлық тіркелген және ол ашылған. Жалпы 8 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынған.

Ауылда сенбіліктер ұйымдастырылып, ретсіз күл-қоқыстар жойылып, көше бойлары, арық-атыздар тазартылып, сенбіліктер тұрақты жүргізіліп отырады.

Сенбіліктерде мекеме аумақтары, жол бойындағы қоқыстар мен өсіп, жол жүруге кедергі келтірген шеңгелдер ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлерінің қатысуымен тазаланды.

   2024 жылдың 3 айында жоспар бойынша көше бойы мен Ибата – Иқан елді мекендерінің аралығы тазаланды, 32 дана ретсіз жатқан күл-қоқыс жойылды. 1184 түп ағаш әктелді. 4 шақырым аяқжол тазаланды. 850 шаршы метр үй іргелік аулалар тазаланды.

Ауылдық округі аумағында орналасқан 6 дана бұлақ көзі тазаланып және 2 дана балалар алаңшасы ретке келтірілді. 2024 жылдың 3 айында жалпы 12 рет сенбілік өткізілді.

Ауыл санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 389,0 мың теңгеге баға ұсыныстары конкурсы өткізіліп, көшелердегі ретсіз төгілген күл-қоқыстарды шығаруға жұмсалды.

Ойық елді мекенінің тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған ауыз су нысанының құрылысы  аяқталып, 21 үй таза ауыз судан пайдалануда.

Ибата елді мекеніне 2012 жылғы «Ақбұлақ» бағдарламасымен ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 950 үйге су құбыры жүргізілген. Бүгінгі таңда 685 үй тұрақты ауыз судан пайдалануда. Қалған 255 үй жақын бұлақ көздерінен, көше бойындағы артезиан суларымен және ауладағы құдық суларынан пайдалануда. Одан бөлек, кейінгі жылдары жаңадан салынған үйлердің тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі бар.

Жаңадан салынған үйлердің тұрғындарын, таза ауыз сумен (400 үй) қамтамасыз етудің II кезеңіне сәйкес, орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосу мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Ибата елді мекені, Әл-Фараби көшесіндегі Иқан су өзеніне салынатын көпірдің сызбасы сызылып, топотүсірілім жасалынып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Ауылдық округі бойынша 2024 жылға төтенше жағдайдың алдын алуға арналған іс-шара жоспары әзірленіп, бекітілген. Су алу қаупі бар аймақтар анықталып, карта жасалған.

Ибата елді мекенінің су тасқынының алдын алу мақсатында елді мекеннің жоғарғы жағынан, яғни таудан келетін суға 1600 метр жерге дамба салынды.

Сонымен қатар, ауданнан 3 тонна қыс мезгіліне инертті тұз алынып, 100 дана қап әзірленді.

Төтенше жағдайдың алдын алу бойынша ерікті жасақшылар тобы құралған және «ЛК» – 4 дана, «КамАЗ» — 3 дана, «МТЗ-80» тракторы – 2 дана, «Газ-53» – 4 дана көлік бекітілген.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin