Созақтық қариялар Түркістан қаласының көрікті жерлерін тамашалау мақсатында танымдық сапарда болды

Созақтық қариялар өңіріміздегі киелі орындарға зиярат жасап, күн санап өзгеріп жатқан облыстың жаңа орталығы Түркістан қаласының көрікті жерлерін тамашалау мақсатында танымдық сапарда болды.


Сапарға шыққан қарияларға Созақ ауданының әкімі Салыхан Сабырұлы Полатов ақ жол тілеп, шығарып салды.
Сапар Қожа Ахмет Яссауидің бабасы Ысқақ бабтың кесенесіне зиярат етуден басталды. Одан соң, Отырап мемлекеттік археологиялық қорық мүзейіне келіп, ондағы құнды жәдігерлермен танысты. Музей қызметкерлерінің әсерлі әңгімелерін тыңдап, пікір алмасты. Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы Арыстан баб кесенесіне ат басын арнайы бұрып, зиярат етті, құран бағыштады. Сапар ер түріктің бесігі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етуден басталды. Баба рухына тағзым етіп болған соң «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіндегі архитектуралық ескерткіштерді аралады. Шетелдік және отандық туристердің көзайымына айналып үлгерген «Керуен — сарай» туристік кешеніне келіп, орта ғасыр мәдениетінен хабар беретін архитектуралық нысандарды тамашалады. Ардагерлемен бірге медицина қызметкерлері жүрді. Сапар барысында карантиндік талаптар сақталды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.