Созақ: Жыл соңына дейін 150 педагог біліктілігін арттырады

Мемлекет басшысы «Білімді ұлт» сапалы білім» ұлттық жобасында: «Ғылым мен білім өте маңызды. Мықтылар бірді, ғалым мыңды жеңеді. Білім – тез өзгеретін қазіргі әлемдегі ең қуатты және тиімді құрал. Сапалы білім қарқынды дамудың басты шартына айналды»-деп атап көрсетті.

Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет. Осы орайда, Созақ ауданының білім саласы қай бағытта дамып жатқанын білмек мақсатында ауданның бас ұстазы Айдаров Нуралы Турдыұлымен жолықтық. Биылғы 2022-2023 жаңа оқу жылындағы замануи оқыту әдістері мен бағдарламаларын игеру, білім беру сапасын арттыру, қажетті білім мен дағдыларды беру, функционалдық сауаттылық, сыни ойлауды дамыту туралы ой бөлісті.

 АУДАНДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ ӨАЙ БАҒЫТҚА ҚОЙЫЛҒАН. ӘҢГІМЕНІ СОДАН БАСТАСАҚ…

Болашаққа баспалдақ балабақшадан басталады. Алдағы уақытта балабақшалар тәрбие мен оқытудың жаңа моделі бойынша жұмыс істейтін болады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау ондағы тәрбие мен оқытудың сапасын арттыруға үлкен көмек болмақ. Яғни, басты құндылық балалардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуі, педагогтерге қойылатын біліктілік талаптардың сақталуы және тәрбие мен білімнің сапасы артады. Барлық балабақшаларға кезекке қою, жолдама беру, қабылдау «Balabagsha.snation» жүйесімен толық автоматтандырылған (2019 ж. бастап). Ендігі кезекте балалардың балабақшаға келуін есепке алуды автоматтандыру жұмыстары жүргізілетін болады.  Яғни, бұл дегеніміз нақты бала санын келіп-кетуінің ашық жүйесі орнатылады деген сөз. Сонымен қатар, осы бағытта балабақша педагогтеріне арналған оқу-әдістемелік кешенімен, көмекші материалдардан тұратын kz онлайн білім беру платформасын енгізілу жұмыстары басталады. Ауданда мемлекеттік балабақшалардағы 2491 балаға 331 педагог тәрбиеші білім берсе, оның 83-і мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мамандығына сәйкес келмейді. Ол мақсатта арнайы жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ, жекеменшік балабақшалардағы педагогтерге де сондай талап қойылады. 

      ОРТА БІЛІМ ТУРАЛЫ СӨЗ ҚОЗҒАСАҚ…

 Созақ ауданының 35 білім беру ұйымында биылғы оқу жылында 1 сыныпқа 1515 бала қабылданып, 14748 баламен басталғалы отыр. Сонымен қатар, педагогтардың дәстүрлі тамыз конференциясының секциялық отырыстары 2022 жылдың 26-27 тамыз күндері өткізілді. Алғашқы күннің отырысы Н.Төреқұлов атындағы ІТ мектеп – лицейінің базасында өтіп, оған ауданның педагогтері және мектеп басшылығы қатыстырылып, жаңа оқу жылындағы өзгерістер және алда тұрған міндеттер талқыланып, шеберлік-сыныптарын өткізді. 2022-2023 жаңа оқу жылының басты жаңалығы 5 күндік оқу аптасы болып отыр. «Он бес мыңнан астам бала аптасына 6 күн емес, 5 күн ғана оқиды. 1 сыныптар үшін «Көркем еңбек» пәні «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндеріне бөлінді. Математика пәнінің оқу жүктемесі 1 сағатқа көбейді. Және 1-сынып оқушылары биылғы оқу жылын барлық пәндерді тек қана ана тілінде, ал орыс тілі пәнін 2-сыныптан, ағылшын тілі пәнін 3-сыныптан оқитын болады. Бұған дейін 1 сынып оқушылары үшін оқу жылының ұзақтығы 33 апта болса, енді 35 апта болады. Ал 2-11 сынып оқушылары үшін оқу жылы 34 аптадан 36 аптаға ұзарады. Бірінші сыныптар үшін 6-12 ақпан аралығында қосымша демалыс  бар. 2021-2022 оқу жылында аудандағы жалпы орта білім беретін мектептердің «Алтын белгі» төсбелгісінің 59 иегері екі Ұлттық Біріңғай Тестілеу нәтижесі бойынша 100 баллдан астам жинаған  9 оқушы ғана болса, 1 оқушы тестілеу кезіндегі талаптарды бұзғаны үшін нәтижесі жойылды. Бұл әрине оқушыларымыздың өз білімдеріне деген сенімсіздіктің белгісі деп талдай отырып, келешекте мұндай іс әрекеттерге жол бермеу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр. 59 «Алтын белгі» иегерлері жоғары оқу орындарының гранттарына ие болып, өз білімдерін ақтай білді. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау яғни емтихандар өткізу бойынша өзгерістер еніп отыр. Яғни, емтихан материалдарын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы әзірлейді және Ұлттық тестілеу орталығы «НЗМ» ДББҰ әзірлеген емтихан материалдарының мазмұнының сапасына тәуелсіз бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді. Ал, «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер үшін оқу пәні (математика пәні) бойынша қорытынды аттестаттау «НЗМ» ДББҰ филиалдарының базасында өткізіледі.

КАДР МӘСЕЛЕСІ ҚАЛАЙ ШЕШІЛГЕН!

«Мұғалім мектептің жүрегі» мұғалімнің кәсіби дамуы біздің басты назарымызда. Аудандағы 2286 педагогтың 2237-і жоғары білімді, 49-і арнаулы орта білімді педагогтар. Биылғы оқу жылынан бастап  «Темірқазық» тірек мектептер жобасы жүзеге асырылатын болады. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының қолдауымен ауданда 1 тірек мектебі жасақталатын болады. Жоба аясында НИШ мектептерінің әлеуетін сол тірек мектебіне енгізіп, оқу-әдістемелік сүйемелдеу жүргізіледі. Осы жоба аясында педагогтердің сапалық құрамы мен мектептердің материалдық мүмкіндігі жақсарады деп күтілуде.  Педагогтарды аттестаттау процесін автоматтандыру бойынша   «Е-Портфолио», білім саласының аналитикалық есебін қалыптастыратын «Basqarma.Smartnation.kz» білім беру ресурстары енгізілуде. Биылғы  педагогтарды аттестаттау  маусымында педагог-модератор санатына 37 мұғалімнен 19. Педагог сарапшыға 54 мұғалімнен 37 педагог, педагог-зерттеушіден 24 мұғалімнің 18-і, ал педагог-шеберге 1 мұғалім тапсырып белгіленген межеден тиісті ұпайларын жинаған. Өтініш білдіргендердің 60 % ғана тестілеуден өтті. Бұл дегеніміз әрине ауданымыздың педагогтарының  кәсіби  шындалуына назар аудару керек  дегенді білдіреді.  «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекітілді. ротация – директорлардың басқарушылық біліктілігін кәсіби дамытуға және жетілдіруге түрткі болады деп күтілуде. Мұғалім тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тартудың арнайы бағдарламасы әзірленді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тартудың арнайы бағдарламасы әзірленді. Педагогтар жетіспейтін облыстар: Атырау, Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстары. Бағдарлама педагогтерге республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері есебінен лауазымдық жалақыдан 150% мөлшерінде ынталандырушы қосымша ақы беруді көздейді. 2021-2022 оқу жылында педагогтардың біліктілік арттыру курстарына аудандық жалпы білім беретін мекемелердің мұғалімдері мен мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлері қатыстырылды. Оның ішінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары Педагогикалық Шеберлік Орталығы Шымкент қаласындағы филиалында 225 мұғалімдер өз білім мен біліктілік дағдыларын жоғарлатса, «Өрлеу»  біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының филиалында 367 жалпы білім беретін мекемелер мен мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлері білімдерін жетілдірді. Жыл соңына дейін 150 педагог біліктілігін арттыратын болады.

ОҚУЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ АУДАНДА ҚАЛАЙ ШЕШІЛДІ?

 Биылғы  2022-2023  оқу жылында  оқулықтармен  оқу-әдістемелік  кешендерді  қайта басып шығару кестесіне сәйкес,  2022-2023 оқу жылында  2 сыныптың оқулықтары  100%  «Абайтану»  вариативті  курсы  бойынша  5-11 сыныптар үшін оқу әдебиеттері, үш тілде білім беретін мектептерге арналған қос тілді  оқулықтар  7- сыныбына арналған оқу әдебиеттері, және 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11 сыныптарға жетіспейтін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге  қамтамасыз етіледі. Жалпы саны 129  мың 443 дана оқулыққа–350 млн. 725 мың 534 теңге қаржы қаралды.

    Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді оқушыларға тарату жұмыстары жаңа оқу жылына дейін толық аяқталды.

        Сондай-ақ, мектеп кітапханаларын цифрландыру үшін                «Е-Кітапхана» платформасы іске қосылды. Осы орайда, E-KITAPHANA мектеп оқырманына арналған бұлтты сервисін облысқа ендіру жұмыстары басталды. Цифрлы жүйеге аудандағы барлық білім беру ұйымдарындағы оқулықтар енгізіліп, барлық пайдалануға қолжетімді болуға мүмкіндік туады. Бұл порталдың тиімділігі — тапсырысты қалыптастыру, нақты қолжетімділік, титулдық тізімдер, ОӘК портфельдері (оқу-әдістемелік кешен), әдебиетке тапсырыс беру, әдебиеттерді жылжыту, кітап беру, тапшылық/профицит, онлайн есеп беру сияқты жұмыстарды  осы сервис арқылы жүзеге асырылады.      Ауданда 33 мектеп кітапханасы жұмыс жасайды. Аталған платформаға барлық мектеп кітапханасындағы  оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер еңгізілді.

 Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің берген тапсырмасын орындау мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру барысы жұмыстары жүргізілуде.

БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

   Мектептегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданымыздағы білім беру ұйымдары толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Бүгінде полиция департаментімен мектептегі бейне камераларды интеграциялау жұмыстары бойынша Жол картасы түзіліп, 24 мектептің бейне камерасы қосылды. Сонымен қатар «Дабыл» дыбысы 11 мектепке орнатылған.

 Биылғы балалар жылы қарсаңында пандемиялық үзілістен соң, аудан аумағындағы білім беру ұйымдарында мектеп жанындағы лагерь өз жұмысын жандандырып, үш мыңға жуық оқушы қамтылды. Сондай-ақ қала сыртындағы сауықтыру лагерлеріне 1100 бала демалдырылды.

      Ауданымызда мектептен тыс мекемелер А.Жұбанов атындағы саз мектебі, «Жас туристер станциясы» жұмыс жасауда, алдағы уақытта аудан әкімінің ықпалымен қосымша білім беруді дамыту үшін оқушылар үйін ашып беру жоспарлануда. (би өнері, роботехника, қол өнер және т.б.)

  2022-2023 оқу жылында тәрбие жұмысы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері шеңберінде іске асырылады, оның негізгі идеясы Абайдың «Толық адам» рухани мұрасында бейнеленген үйлесімді дамыған адамның ұлттық бейнесі болып танылады.

      2022 жылғы 1 қыркүйекте республиканың барлық жалпы білім беретін мектептерінде   «Білімге   ұмтылу,   еңбексүйгіштік   және   отаншылдық» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі. Сынып сағаты аясында адам өміріндегі құндылықтардың рөлін талқылауға басты назар аударылады.

        Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезіндегі басымдық баланың жеке басына құрмет пен сенім, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу болып табылады. 2022 жыл – БАЛАЛАР ЖЫЛЫ болып жарияланды Қ.К. Тоқаев: «Балалардың әл-ауқаты – елдің табысты болашағының сенімді кепілі» деген болатын. Сабақ арасындағы үзілістер білім алушылардың әлеуметтік эмоционалды әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін еркін ойын әрекеттеріне ықпал ету керек.

      2022/2023  оқу  жылында  тәрбие  жұмысын  ұйымдастыру  кезінде  Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын, Роза Бағланованың 100 жылдығын, Қазыбек бидің 355 жылдығын, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығын, Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығын, сондай-ақ Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеуге және дайындауға ерекше назар аудару қажет.

 

      Ата-аналар жиналыстары ұйымдастырушылық, ағымдағы немесе тақырыптық, қорытынды, жалпы мектептік және топтық болуы мүмкін. 

      Ата-аналар жиналыстары «Ашық есік» күндері форматында өткізіледі,бұл ата-анаға, заңды өкілге;

      Әр мұғаліммен жеке кездесуге;

      Баласы туралы толық ақпарат алуға;

      Баласының пәндер бойынша үлгерімін, сабаққа қатынасын, табыстары мен жетістіктерін білуге мүмкіндіктер береді.

      Сондай – ақ, мектеп директорына балаларды ғимаратқа кіре берістен қарсы алу міндеттеледі.

      Білім беру процесіне қатысушылар арасындағы қарым-қатынастың ұсынылатын тәртібі:

      «Қайырлы таң», «Қайырлы күн», «Қайырлы кеш», «Сау болыңыз» сөздерін қолдану ұсынылады; 

      Білім алушы педагогке «Мұғалім» деп немесе әкесінің аты-жөнін айту арқылы қарым-қатынас жасайды; 

      Педагог білім алушының міндетті түрде атын атауы тиіс;

      Педагогтер бір-біріне әкесінің аты-жөнімен қарым-қатынас жасайды.

     СЫБАЙЛАСТЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ТӨМЕНДЕТУ

Созақ ауданының білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте басты назар әлеуметтік дерттің салдарларымен күреске емес, оның алғышарттарын жоюға аударылуы тиіс.

Сондықтан, сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды аудан көлемінде әрі қарай жалғастыруымыз қажет. Қазіргі таңда тоқсан сайын білім беру ұйымдарының басшыларымен арнайы жоспарға сәйкес жиналыстар ұйымдастырылуда. Білім беру саласындағы барлық мекемелерге ашықтық саясатын ұстанып, қоғаммен жиі кездесіп тұру және әлеуметтік желі парақшаларында кері байланысты жүргізіп отыру тапсырылған.

       

 

 

Ad Widget

Recommended For You