Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мамандары мен медициналық сақтандыру қорының өкілдері Мемлекет басшысының берген тапсырмасына сәйкес, МӘМС жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Облыстық медициналық сақтандыру қорының директоры Асхат Бейсенбаев МӘМС жүйесі енгізілгелі бері Созақ ауданындағы медициналық көмек көлемінің жақсарып жатқанына жан жақты тоқталып, осы бағыттағы өордаланған сұрақтарға жауап берді.
2022 жылы Созақ ауданы халқына медициналық көмек көрсетуге 3 683 758 мың теңге бөлінді, оның ішінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесінен 1 790 196 мың теңге.
2021 жылы Созақ ауданы тұрғындарына 3 187 466 мың теңгеге Қор есебінен медициналық көмек көрсетілді.
Бұл ретте, МӘМС жүйесі енгізілгенге дейін Созақ ауданы денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті 1 837 501 мың теңге. Яғни, қазіргі уақытта аудан бюджеті 2 еседен астам өсті.
Ұзақ уақыттан бері алғаш рет медициналық қызметкерлердің жалақысын жүйелі түрде жыл сайын арттыру жүргізілуде: нәтижесінде дәрігерлердің орташа жалақысы 189-дан 342 мың теңгеге дейін, ал медбикелердің жалақысы 120-дан 211 мың теңгеге дейін өсті.
Егер 2020 жылы МӘМС жүйесін енгізу кезінде диагностикалық қызметтер 5355 мың теңге сомасына көрсетілсе, ағымдағы жылдың 9 айында Созақ ауданы тұрғындарына диагностика бойынша жалпы сомасы 34 605 теңгеге 2 мыңнан астам қызмет көрсетілді (қаржыландыру іс жүзінде екі есеге ұлғайды).
Ағымдағы жылдың 9 айында Созақ ауданы тұрғындарына 13 203 мың теңгеге 1142 компьютерлік томография қызметі, 21 402 мың теңгеге 1593 МРТ қызметі көрсетілді. Өткен жылдың осы кезеңінде 298 компьютерлік томография қызметі, 464 МРТ көрсетілді.
МӘМС қаражаты есебінен қаржыландырылатын тағы бір бағыт азаматтардың жекелеген санаттарына стоматологиялық көмек көрсету болып табылады. Көмектің бұл түрі өте сұранысқа ие, оны сандар дәлелдейді.
Ағымдағы жылдың 9 айында Қор стоматологиялық клиникаларға 126 585 мың теңгеден астам төледі.
Медициналық оңалтудың маңыздылығын атап өту қажет. Жарақаттар мен ауыр аурулардан кейін адам әдеттегігей өмір салтына оралып, жоғалған қабілеттерін қалпына келтіруі керек. Кейде адамдар емдеудің бұл кезеңдерін елемейді, бұл қымбат және қол жетімді емес деп қателеседі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Созақ ауданы тұрғындарын оңалту мақсатында 11 440 мың теңге бөлді.
Жалпы, аудан халқының 90 пайызы МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Жұмысшы топтың бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесінде жүйеге тұрғындарды қамту шаралары бойынша жоғары көрсеткішке жетіп отыр.
Жиында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы да сөз болды. Ұлттық жобаға сәйкес, Түркістан облысы бойынша ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғыртуға 49 нысан салу ұсынылып, қолдау тапты. Одан бөлек, 2023 жылға жоспарланған 4 аудандық аурухананы (Сайрам, Ордабасы, Сарыағаш, Жетісай) қайта көпбейінді ауданаралық аурухана етіп қайта құру үшін денсаулық сақтау желісіне өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ Сарығаш ауданында ІІІ деңгейлі босандыру қызметін ұйымдастыру мақсатында 240 төсек-орынға арналған перинаталдық орталық үшін ЖСҚ әзірленді.