Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков «23 маусым — Мемлекеттік қызметші күні» мерекесі қарсаңында үздік мемлекеттік қызметшілер мен жас мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарын қабылдады.
Мелекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін арнады. Еркін тақырыпта пікір алмасып, мелекеттік қызметшінің міндеті ең алдымен оның адалдығы, әділдігі және өз жұмысына деген жауапкершілігі екенін айтып өтті.
Сонымен қатар, жұмыс барысында әр сала бойынша үздік деп танылған мемлекеттік қызметшілер мен жас мемлекеттік қызметшінің ата-аналарына Түркістан облысы әкімінің алғыс хаты мен Грамотасын және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы мен аудан әкімінің алғыс хаттарын табыс етіп, құрмет көрсетті.
Бүгінде Мемлекет жастарды оқыту мен дамытуға айтарлықтай назар аударуда. Жастар саясатын барынша жетілдіру аясында бағдарламалар уәкілетті органдармен бірлесіп жүзеге асырылуда. Өз кезегінде, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жастарды мемлекеттік қызметке тарту үшін бірқатар пәрменді шаралар қабылдады.
Әрине, мемлекеттік қызметке жастарды тарту маңызды. Алайда қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратпен Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған негізгі жұмысында шынайы елі мен жері үшін қызмет еткісі келетін патриот азаматтар қажет деп есептеледі. Мемлекеттік жұмысқа келетін жастар тек мансап немесе басқа да қажеттіліктері үшін келмеуі керек. Егерде олардың бойынша қандай да рухани не моральді қасиеттері болмаса онда бұл құрдымға апаратын жол деп бағалауға болады.
Қазір мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру шеңберінде әкімшілік реформаларды қарқынды жүзеге асыру жөнінде шаралар қолданып келеді. Мемлекеттік функциялар жүйесінде мемлекеттік қызметтер көрсету маңызды орын алатыны белгілі.
Былтыр «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнамаға біраз өзгеріс енгізілді. Қызметкерді басқа өңірге ротациялау кезінде тұрғын үй төлемдерін енгізу, нақты жобаларды іске асыру үшін келісімшарт бойынша жұмыскерлер тарту мүмкіндігі пайда болды. Өңірлік мемлекеттік органдардың кадрлық тапшылығын жою бойынша өңірлік резервтер құрылады.
Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметке кіру мен шығуды оңтайландыру бойынша тапсырма берген еді. Агенттік тиісті шараларды кезең-кезеңімен іске асырып келе жатыр. Біріншісі – агенттік келісімімен «Б» корпусын жоғары лауазымдарға конкурссыз, тікелей тағайындау қарастырылған. Бұл жеке сектордан білікті және салалық тәжірибесі бар мамандарды тартуға мүмкіндік береді. Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін агенттікпен осындай 188 тағайындау келісілген.
Тағы бір жаңашылдық – мемлекеттік қызметшілерді бағалау жүйесі өзгерді. Мәселен, қатарынан екі рет төмен баға алған жұмыскердің лауазымы төмендейді немесе жұмыстан шығарылады. Ал төрт рет жақсы нәтиже көрсеткендері жоғарылайды.
«WWW.ANYQ.KZ»-ақпарат