Созақ ауданы: «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан жаңа мектептің ішкі жұмыстары жандана түсуде

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 900 орындық Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің құрылысын аралап, жұмыс барысымен танысты. Мердігер мекеменің өкілдерімен тілдесіп, құрылыстың сапасына мұқият болуды ескертті.

Айта кетейік, қазіргі уақытта нысанның сыртқы фасадын травертинмен қаптау жұмыстары жүруде. Сондай-ақ ішкі жұмыстары да қарқын алып, қабырғаларын сылап, әрлеу жұмыстары жүруде. Бұған қоса едендеріне бетон жаймасы төселіп, жұмыс қарқыны өндірістік кестеге сай өрбуде.

Еске сала кетсек, өткен жылы Созақ ауданында бірнеше нысан ел игілігіне тапсырылған болатын. Оның ішінде 200 орындық Құрманғазы атындағы шағын жалпы орта мектебі мен 75 орындық мәдениет үйі бар. Одан бөлек, 1 000 орындық жаңа стадион мен түрлі балалар ойын алаңшалары ашылған болатын. Сонымен қатар, футбол, баскетбол, волейбол алаңдары мен «Street workout» қолданысқа берілген.

Биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясы аясында аудандағы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың мектеп жасындағы 1250 балаға мемлекет тарапынан 43 мың 407 теңгеден жеке көмек қарастырылды. Бұдан бөлек аудан әкімі аппараты мен бюджеттік мекемелер тарапынан әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан 107 балаға оқу құралдары мен мектеп формалары, аяқ киімдері және сөмкелер табысталып, бұл бағыттағы жұмыстар ауылдық округтерде өндіріс орындарының демеушілігімен де жүзеге асырылды.  Қазіргі таңда аудан көлемінде 1 сыныпқа қабылданған бала саны 1230 –ды құрап, білім ошақтарында 15 мыңнан астам оқушы білім алады.

2023-2024 оқу жылында аудан мектептерінде 15459 оқушы білім алды. Осы оқу жылының басында 1-сыныпқа 1535 оқушы қабылданып, мектеп табалдырығын аттаса, 974 оқушы мектеп бітірген. «Алтын Белгіге» 62 оқушы, «Үздік аттестатқа» 82 оқушы үміткер ретінде ұсынылды. Түлектердің 931-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты.

Созақ ауданында 2023-2024 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 900 орындық Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің жаңа ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінің 200 орындық жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп-интернат-лицейдің, «Созақ» мектеп-гимназияның, «Суындық», Батырбекова, Ә.Молдағұлова және С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектептердің жылу қазандықтары ауыстырылды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын жаңғырту мақсатында аудандағы мемлекеттік балабақшалар толық жабдықталды. Қажетті тұрмыстық техникалармен қамтамасыз етілді. Бірқатар балабақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлық білім беру ұйымдарында электрондық құжат айналымын қамтамасыз ететін жүйе іске асырылды.

Аудан педагогтері Алматы және Шымкент қалаларындағы «Өрлеу» республикалық біліктілікті арттыру ұлттық орталығында, НЗМ Педагогикалық шеберлік орталықтарында біліктілігін арттыру курсынан кезең-кезеңімен өткізілді. Барлық мектеп оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен толық 100% қамтамасыз етілді.

Сөз арасында «Жайлы мектеп» тақырыбы бойынша толығырақ мәлімет бере кетсек. Тұтастай алғанда, өңір бойынша 35 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның 3-і – «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы есебінен, 32-сі – республикалық бюджет есебінен. 2023 жылы 20 мектеп тапсырылған. 2024 жылы қалған 15 мектептің 13-і пайдалануға берілетін болады, 2-і 2025 жылға өтпелі. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 2024 жылы облыста жалпы қуаттылығы 1 800 оқушы орындық 8 мектеп құрылысын жүргізу ұсынылып, облыстық мәслихаттан қолдау тапты. Аталған мектептерде 3 507 оқушы білім алады.

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп құрылысын салу жоспарланған.

Анықтама үшін нақтылай кетсек:

Оның ішінде: 300 орындық – 11 мектеп; 600 орындық – 25 мектеп; 900 орындық – 15 мектеп; 1200 орындық – 6 мектеп; 1500 орындық – 4 мектеп; 2000 орындық – 2 мектеп.

Аталған 29 мектептің 19-ы ағымдағы жылдың қыркүйек айында, қалған 10-ы желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Анықтама ретінде нақтырақ айтсақ:

2023 жылы басталған 29 мектеп:

— Түркістан қаласында – 3 мектеп: 2000 орындық – 2 мектеп, 1200 орындық – 1 мектеп;

— Арыс қаласында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Шардара ауданында – 2 мектеп: 1200 орындық – 1 мектеп; 300 орындық – 1 мектеп;

— Сарыағаш ауданында – 4 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 3 мектеп;

— Бәйдібек ауданында – 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;

— Жетісай ауданында – 3 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Келес ауданында – 3 мектеп: 600 орындық – 2 мектеп, 300 орындық – 1 мектеп;

— Сайрам ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Мақтаарал ауданында – 2 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Отырар ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Ордабасы ауданында — 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;

— Созақ ауданында – 1 мектеп: 900 орындық – 1 мектеп;

— Төлеби ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп;

— Сауран ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 2 мектеп.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектепті ұстап тұруға, яғни, қосымша ашылатын штат бірліктеріне айлық жалақы, коммуналдық қызмет төлемдері үшін қажетті жобамен 2,9 миллиард теңге қаржыға қолдау білдірілді. Аталған қаржы ағымдағы жылдың қыркүйек айында бөлінетін болады.

Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында пайдалануға берілетін мектептерді алдағы 3 жылда, яғни, 2025-2027 ұстап тұруға қажетті қаржы көлемі облыстық білім басқармасы тарапынан есептелуде. Бұл бағыттағы қаржыларға да министрлік қолдау білдіретін болады.

Тиісті есептеулер министрлікке ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында ұсынылуы тиіс, бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, білім басқармасы тарапынан аталған мектептерде ашылатын жаңа штат бірліктері мен оқушылар қозғалысы есептелді. 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектептің 21-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 800 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 223.

Тарқата айтсақ:

Түркістан – 3 мектеп, 5200 оқушы орын;

Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Сарыағаш – 4 мектеп, 3000 оқушы орын;

Жетісай – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;

Шардара – 1 мектеп, 1200 оқушы орын;

Бәйдібек – 1 мектеп, 300 оқушы орын;

Келес – 3 мектеп, 1500 оқушы орын;

Сайрам – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Отырар – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Төлеби – 3 мектеп, 1800 оқушы орын.

2025 жылы пайдалануға берілетін 34 мектептің 22-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 700 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 558.

Дәлірек айтсақ:

Түркістан – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;

Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Сарыағаш – 1 мектеп, 1500 оқушы орын;

Жетісай – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;

Кентау – 2 мектеп, 2400 оқушы орын;

Қазығұрт – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Келес – 2 мектеп, 600 оқушы орын;

Сайрам – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;

Мақтаарал – 2 мектеп, 1800 оқушы орын;

Ордабасы – 4 мектеп, 3900 оқушы орын;

Түлкібас – 2 мектеп, 900 оқушы орын.

Бұдан өзге аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы Тұрысбековтің қолдауымен ескі мұражай ғимаратына демеушілер арқылы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. «Оқушылар үйін» ашу туралы облыс әкімдігінің қаулысы шығарылды. Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мектептерге 100% бейнекамералар орнатылды. Аудандағы барлық мектепке 100% дабыл батырмасы орнатылып, жедел басқару орталығына қосылды.

700 оқушысы бар 8 мектепке турникет орнатылды. 20 мектепке Starlink (жылдамдығы 150-200 мб) спутниктік құрылғысы орнатылды. Аудан мектептеріне құны 195 млн 806 мың теңгеге 15 дана заманауи үлгідегі (биология, физика, химия, STEM) кабинеттері сатып алынды. Аудандағы қоршауы талапқа сай емес 3 білім беру ұйымының (М.Әуезов, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектептер) қоршауы ауыстырылды. Жалпы аудан мектептерінде аз қамтамасыз етілген отбасы балаларымен қатар, 1-4 бастауыш сыныптың барлық оқушысына бір реттік ыстық тамақ берілді.

Ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, ел бірегейлігін нығайтуға, әділетті қоғам құруға қабілетті, білімді, адал ұрпақты тәрбиелеуді көздейтін «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ» барлық білім беру ұйымдарында жүзеге асырылды. Сонымен қатар, барлық мектепте «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ашылды.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының есебінен «Ауылдық тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы аясында А.Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектептің материалдық-техникалық базасы толық жаңғыртылды. Аудан шәкірттері облыстық, республикалық, халықаралық байқаулар мен олимпиадаларда жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, аудан абыройын асқақтата білді.

Жоғарыда аталып өткен «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 900 орындық Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп құрылысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен жүзеге асуда. Жаңа мектепте робототехника, зертхана және хореография үйірмелеріне арналған кабинеттер қарастырылған. Сондай-ақ, оқу кабинеттері заманауи интерактивті тақталармен және компьютерлермен жабдықталмақ. Мектепте арнайы бастауыш сыныптар, орта және жоғары буын оқушылары үшін жеке блоктар жасақталады. Білім ордасы биыл пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр.

Аудан орталығы Шолаққорған ауылында заманауи үлгідегі 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешені салынды. Спорт кешені заманауи талаптарға сай, онда облыстық, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды өткізуге қолайлы. Екі қабатты ғимаратта футбол, волейбол, баскетбол, күрес және аралас жекпе-жекке арналған алаңдар бар.

Еске сала кетсек, өткен жылы Созақ ауданында бірнеше нысан ел игілігіне тапсырылған болатын. Оның ішінде 200 орындық Құрманғазы атындағы шағын жалпы орта мектебі мен 75 орындық мәдениет үйі бар. Одан бөлек, 1 000 орындық жаңа стадион мен түрлі балалар ойын алаңшалары ашылған болатын. Сонымен қатар, футбол, баскетбол, волейбол алаңдары мен «Street workout» қолданысқа берілген.

Жалпы, Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп салу жоспарланған. Атап айтсақ, 300 орындық 11 мектеп, 600 орындық 25 мектеп, 900 орындық 15 мектеп, 1200 орындық 6 мектеп; 1500 орындық 4 мектеп, 2000 орындық 2 мектеп салынуда. 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер және жобалаушы мекемелер «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ы арқылы анықталған. Аталған 29 мектептің 19-ы биыл қыркүйек айында, қалған 10-ы желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр.

Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы мектептердің құрылысын сапалы жүргізу, білікті педагогтармен қамту мәселесі талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне жұмысты жүйелі атқаруды тапсырды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынатын мектептерге жергілікті өндірушілердің жиһаздары қолданылуы керектігін ескертті. Сонымен бірге мектептерді білікті кадрлармен қамтуды міндеттеді.

– «Жайлы мектептер» толық инженерлік инфрақұрылыммен қамтылуы тиіс. Мектеп құрылыстарына апта сайын мониторинг жасауды тапсырамын. Екіншіден, мектептерді жабдықтауға жергілікті жиһаз зауыттарының өнімдері қолданылсын. Осы мәселені реттеңіздер. Ең бастысы, ол мектептерді білікті ұстаздармен, іскер директорлармен қамту жұмысын назарда ұстаңыздар. Қазірден кадрлар жасақталуы қажет, – деді Дархан Сатыбалды. Мәжілісте Түркістан облысының құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиев пен білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетовтың осы бағыттардағы есептері тыңдалды.

Қазіргі таңда, 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектепті талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамту үшін «Қазақтелеком» АҚ мен «Транстелеком» АҚ операторларымен техникалық шарттары алынды. Жоспарлы жұмыс 2024 жылғы 1 тамызға дейін толық іске асырылады. Ал 2025 жылы пайдалануға берілетін 34 мектептің құрылысын іске асыру жоспарына сәйкес, жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету 2025 жылғы 1 тамызға жоспарланған.

Тиісті ұсыныстар беріліп, 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектепті ұстап тұруға, яғни, қосымша ашылатын штат бірліктеріне айлық жалақы, коммуналдық қызмет төлемдері үшін қажетті жобамен 2,9 млрд. теңге қаржыға қолдау білдірілді. Аталған қаржы биыл қыркүйек айында бөлінбек.

Сондай-ақ «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында пайдалануға берілетін мектептерді алдағы 3 жылда, яғни, 2025-2027 ұстап тұруға қажетті қаржы көлемі облыстық білім басқармасы тарапынан есептелуде. Жаңадан ашылатын мектептерді немесе облыстағы жалпы мектептерді орындық, парта, тақта және т.б. қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мен мектептің ішкі бөлігін безендіруде Binom School мектептер желісінің тәжірибесі ескеріледі.

Айта кетейік, Түркістан облысында үш жылда 100-ге жуық мектеп салынады. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы мен республикалық бюджет есебінен құрылысы жүргізілетін 33 мектептің 2023 жылы 18-і тапсырылса, қалғаны 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар «Жайлы мектеп» жобасы аясында 3 жылда 63 мектеп салынады. Жобалық қуаты – 49 мың орын. 2024 жылы 29 мектептің құрылысы басталса, 2025 жылы 34 мектеп пайдалануға беріледі. Оларға қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы туралы алдымен Мемлекет басшысының Жолдауында айтылды.  «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың  заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек. Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек» делінген Жолдауда.

«Жайлы мектептің» айырмашылығы неде? Біріншіден, мектептер ауылда да, қалада да жаңа бірыңғай стандарт бойынша салынады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектепте бөлек блоктарда оқиды. Әр блокта оқу кабинеттері, дәретханалар, спорт залдар болады. Балалар үшін бейнебақылау, дыбыстық хабарлау және басқа да күшейтілген қауіпсіздік шараларын орнату көзделіп отыр. Оқушыларға ыңғайлы болу үшін оқу құралдарын сақтауға, ауыстырып киетін киімге арналған жеке шкафтар, сондай-ақ кітап оқуға, балалардың шығармашылық дамуы мен демалуына тиісті жағдайлар қарастырылған. Мектептер физика, химия, биология және робототехника пәндері бойынша заманауи кабинеттермен жабдықталады. Кабинеттерге touch-экрандар орнатылып, мектептің кез келген жерінен жылдамдығы жоғары интернетке қосылу мүмкіндігі беріледі. Ерекше білім алуды қажет ететін балаларға тиісті жағдайлар жасалады.

Спорт залдар мәселесі шешіледі. Қазір 1200 орындық мектептерде  тек  бір ғана спорт зал бар. Ал таңғы сағат 8-ден кешке дейін денешынықтыру сабағы бір уақытта бірнеше сыныпқа өткізіледі. Жайлы мектептерде жобалық қуатына қарай бірнеше спорт залдар болады. Сондай-ақ мұғалімдерге де жағдайлар жасалады.

Екіншіден, құрылыс толығымен қаржыландырылған. Егер бұрын мектеп құрылысын қаржыландыруға облыстық және аудандық бюджеттерден қаражат тапшылығына байланысты мектептер жеткілікті көлемде салынбай, ұзақ мерзімді құрылыстар проблемасы туындаса, ал қазір мақсатты қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді.

Үшіншіден, мектептер нысандар құрылысын бақылайтын дирекцияның үйлестіруі арқылы салынады. Бұл шешім сатып алу рәсімдерінің мерзімін жеделдетуге және құрылыс сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.

Төртіншіден, ішкі ғана емес, сыртқы инфрақұрылым да қарастырылған. Мектепке апаратын жаяу жүргіншілер жолы, автобус бағыттарын алдын ала іске қосу, аялдамаларды дайындау, мектепке апаратын жолдарға жарық беру мәселелері де қатар шешілуі керек.

Бесіншіден, жайлы мектептер салуда ашықтық барынша сақталуға тиіс. Еліміздің кез келген азаматы интерактивті карта арқылы мектептердің қай жерде және қашан салынатынын бақылап, IP-камера арқылы құрылыс барысын онлайн қадағалай алады. Мектептерді салу, оларды қаржыландыру, күтіп ұстау, кадрларды іріктеу мәселелері заңнамалық тұрғыда әкімдіктердің құзырында болғандықтан, бұл ұлттық жоба әкімдердің дербес жауапкершілігін бекітуді көздейді, яғни «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру 842 мың жаңа жайлы  орын құруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге өңірлер, қала мен ауыл арасындағы білім беру инфрақұрылымындағы айырмашылықты теңестіріп, білім сапасына әсер етеді.

2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасында осы мақсатта 400 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінеді. Жоба аясында ашылған мектептер заманауи құрылғылармен толық жабдықталады. Зертханалармен қамтамасыз етіледі. Бастауыш сыныптарына арналған жеке блог болады. Мақсат – оқушылар мен оқытушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау және білім беру қызметінің сапасын арттыру.

Аталған мектептердің құрылыс жұмыстарына беделді әрі бәсекеге қабілетті компаниялар тартылады. Сонымен бірге жұмыс барысы қатаң қадағаланады. Ол іске аса білікті техникалық қадағалаушылар шақырылмақ. Сондай-ақ бұл мектептер халық көп шоғырланған аумақтарда орналасады. Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдері мен жауапты басқарма басшыларына «Жайлы мектеп» жобасы бойынша салынатын мектептерді салуға дайындықты пысықтауды, осыған қатысты әрбір жұмысты жауапкершілікпен атқаруды тапсырды.

Сондай-ақ «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында пайдалануға берілетін мектептерді алдағы 3 жылда, яғни, 2025-2027 ұстап тұруға қажетті қаржы көлемі облыстық білім басқармасы тарапынан есептелуде. Жаңадан ашылатын мектептерді немесе облыстағы жалпы мектептерді орындық, парта, тақта және т.б. қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мен мектептің ішкі бөлігін безендіруде Binom School мектептер желісінің тәжірибесі ескеріледі.

«WWW.ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin