Бүгін Шолаққорған ауылындағы Жібек жолы-2 көшесінің бойынан 1-маусым Халықаралық Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорны» демеушілігімен салынған кіші футбол алаңы мен балалар ойын алаңшасы ашылып, пайдалануға берілді.
Спорт нысанының ашылу салтанатында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков шараға жиналған тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, жас бүлдіршіндерге мерекелік тілегін арнады.
— Өскелең ұрпақтың болашаққа деген сенімін нығайтып, білімге, спортқа баулу қай кезде болмасын уақыт сөресінен түспек емес. Бүгінде мемлекетіміз ұстанған саясаттың басым бөлігі жастарды жан-жақты қолдап, елдің тұтқасын ұстар ұрпағымыздың жарқын болашағына аса сенім артуда. Бұл бағыт бойынша біздің бүгінге дейінгі атқарған жұмыстарымыз бен жеткен жетістіктеріміз сіздердің ынтымақ пен бірліктеріңіздің арқасы. Біздің осы жетістіктеріміз алдағы уақытта да еселене түсері сөзсіз. Ол үшін алға қойған мақсатымыз бен нақты жоспарларымыз бар,- деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы. Сондай-ақ бұған дейін спорт саласы бойынша атқарылған жобалар мен алдағы жоспарларына тоқталып өтті.
Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев ауыл жастары спортты жанына серік етіп, жаңа нысан тәнін шынықтыратын орынға айналатынына сенімін білдірді.
Шолаққорған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Созақ ауданының Құрметті азаматы Бүркіт Арынбеков аудан көлемінде түрлі сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ізгі тілегін арнады. Спорт ардагері, ауыл қариясы Талымов Жолдасбек игі істі атқарған азаматтар мен нысанға демеушілік танытқан «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорнына» алғыс айтып, батасын берді.
Айта кетейік, қазіргі таңда аудан жастары спортпен шұғылданып, бос уақытын тиімді пайдалануға барлық жағдайлар қарастырылуда. Өткен жылдан бері ауданда футбол, баскетбол, волейбол алаңшасы мен «Street workout», балалар ойын алаңшасы, 1000 орындық жаңа стадион және жабық үлгідегі футбол алаңдары пайдалануға беріліп, жалпы спорт саласы бойынша 9 нысан ел игілігіне ұсынылды.
Биыл Қарақұр ауылында заман талабына сай жабдықталған жабық үлгідегі футбол алаңының құрылысы басталды. Жабық алаң кез-келген мезгілде доп тебуге ыңғайлы етіп жабдықталады. Алдағы уақытта бұндай нысан кезең-кезеңімен барлық ауылдық округтерде бой көтермек.
Бұған қоса аудан орталығынан салынып жатқан заманауи үлгідегі 200 орындық «Спорттық-сауықтыру» кешенінің құрылысы жалғасуда. Жалпы ауданы 3 га болатын спорт кешенінің оқу-жаттығу базасы да барлық заманауи талаптарға сай. Екі қабатты ғимарат волейбол және баскетбол алаңдары, күрес пен боксқа арналған зал, бассейн және футболмен айналысуға арналған ашық спорт алаңымен қамтылып, облысымыздағы теңдессіз нысандардың бірі болмақ.
Дана халқымыз айтқандай, “Дені саудың – жаны сау”. Егер адам әр уақытта дене шынықтырумен айналысып, әр уақытта өзінің денсаулығын түзету үшін түрлі спорт жаттығуларын орындап отырса, ол тек дені сау болып қана қоймай, өмірдің барлық саласында табысты болуына мүмкіндік жасайды. Бірақ, спортпен айналысу керек екен деп мөлшерден тыс дене шынықтыру жаттығуларын жасаудың қажеті жоқ. Әр нәрсенің өзінің жөні, реті болады. Қазіргі таңда бізге саламатты өмір салтын қалыптастыру, оған бұқара халықты тарту үшін арнайы ғылыми-зерттеулер негізінде жасалған сауықтыру бағдарламаларын жасау қажет.
Спорт — салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі. Ғалымдардың айтуынша, күніне 30-40 минут уақытыңды спортқа арнасаң, ауруға шалдығу қаупі 30 пайызға азаяды. Қазіргі уақытта әр күнін тиімді пайдаланып, спортпен айналысатындар үшін арнайы алаңдарда барлық жағдай жасалған. Тек табандылық пен төзімділік болғаны жеткілікті.
«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Сол үшін, денсаулығымызға аса мән беріп, спортпен айналысу қажет. Қай спорт түрі болмасын денсаулыққа пайдасы мол. Мысалға, тоғызқұмалақ, шахмат ойындары адамның мидағы алмасу процесіне оң ықпал етіп, мидың жақсы жұмыс жасауын жақсартады.
Спортпен дұрыс шұғылдану – адамның иммунитетін күшейтіп, дерттерге қарсы тұруға көмегін тигізеді және есте сақтау қабілетін жақсартып, ұйықтай алмау қиындығынан құтқарады. Ағзаның иммунитетін көтеріп, жүрек-тамыр жүйесінің қызметінің жақсаруына айрықша септігін тигізеді. Кейбір спорттың түрі адамдарға кері әсерін тигізуі мүмкін. Мұндай жағдайда бір мезгіл жаяу жүру керек. Сонда ғана қаныңыздағы қант мөлшерін реттей аласыз және жүрек аурулардың алдын алып, қатерлі ісіктің кейбір түрінен сақтана аласыз. Шындығына келгенде, әрбір адам өз денсаулығының кепілі.
Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу, т.б. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз.
Денсаулық-зор байлық.Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бұлжытпай орындау керек. Олар: дене еңбегі, тамақ ішу, уақытты дұрыс пайдалану, шынығу және дем ала білу.
Спорттың адам өмірі үшін маңызын бұдан ары айта түсудің өзі де артығырақ секілді. Бірақ, алдымен «спортпен шұғылдануға уақыт табылмай жүр» деген сылтаудан құтылған абзал. Ол үшін не істеу керек? Күніне 20 минут дене жаттығуымен айналысуды да ұмыт қалдырып кететін кездеріңіз болмайды емес, болады. Ендеше, дене жаттығуларымен шұғылдануды қалай әдетке айналдыруға болады?
- Дене жаттығуы кезінде киетін спорттық киімдеріңізді жатар алдында дайындап жатыңыз. Ұмытпас үшін, оятқышыңызды сол киімдердің үстіне қойыңыз. Өйткені, таңертең оянғанда оятқышпен қатар немен айналысатыныңызды да есіңізге түсіретін боласыз. Бастысы, осылайша таңғы жаттығуды әдетке айналдырып алсаңыз ғажап болары сөзсіз.
- Барлығын аз жаттығудан бастаңыз. Тіпті, аптасына 3 рет 5 минуттан-ақ дене жаттығуларымен шұғылданып жүріңіз. Тапсырма оңай, әрине. Бірақ, бастапқыда өзіңізді қинамауыңыз қажет. Алға ә дегеннен жоғарғы мақсат қоюға талпынбаңыз. Өйткені, өзіңіздің спортпен шұғылдануға деген ерік-жігеріңізді жоғалтып алуыңыз мүмкін.
- Адам – әлеуметтік жаратылыс. Қарым-қатынассыз өмір сүруді елестету мүмкін емес. Әлбетте отбасыңызбен табиғатқа шығудың, достарыңызбен белгілі бір спорт түрімен шұғылданудың, кейде бір ауық жүгіріп тұруды да әдетке айналдырғанның зияны жоқ.
- Үйдегі қарапайым шаруаларды жаттығу жұмыстарымен үйлестіріңіз. Мысалы, таймерді 20 минутқа қойып, жұмысыңызды бастаңыз. Қарапайым шаруаларды аса жылдам орындау – жақсы нәтиже береді.
- Жаттығу жұмыстарын жоспарлай біліңіз. Дене жаттығуларын да жоспарыңызға енгізіп үйреніңіз. Қажетті жаттығуларды жоспарлай біліңіз.
- Өзіңізге ұнайтын жаттығуларды таңдап алғанның да маңызы жоғары. Өйткені, алғашында адам өз қалауымен бастаған жаттығулар уақыт өте келе өз жемісін беретін болады.
Денешынықтыру мен спорт кей кезде адам ағзасы табиғи түрде қажет ететін қимыл-қозғалыс пен күшті іске асырудың қолжетімді түрі болып табылады. Оқушылар мен студенттер үшін денешынықтыру сабақтары мен спортпен шұғылданудың маңызын айтып жеткізу мүмкін емес, жас ағзаға және жетіліп келе жатқан денеге үнемі қозғалыста жүру қажет. Сол себепті спортпен шұғылдануға шақырамыз. Салауатты өмір салтын насихаттап жүрген әр адамның денсаулығы жақсы болады. Сол себепті спорт денсаулық кепілі екенін ұмытпайық! Спорт сенің серігің- жанға дауа, қолға күш. Сергітетін адамды- қимыл менен қозғалыс, – дегендей жазғы демалыс күндерінде спортпен айналысуды ұмытпаңыз!
Спорт — көңіл күйді көтеріп, өз-өзіңізді көңілді сезінуге көмектеседі. Өйткені жаттығу барысында эндорфин гормоны көптеп бөлінеді. Ал ол гормонды — бақыт гормоны дейді. Ол адам жанын тыныштандырып, рахаттандырады. Бар болғаны жарты сағат жаттығу жасау сізді осындай ауыр аурудан аман алып қалады. Сонымен қатар жүгіру мен жүзу де өте пайдалы екендігін ұмытпағайсыздар.
Спортпен шұғылданатын адамдар өзінің денесін жақсы көре бастайды, денсаулығына мән береді. Сонымен қатар, терең дем алуды да үйренеді. Ал терең тыныс алу кезінде сіз күйзелісті есіңізге де алмайсыз. Міне, осындай күнделікті жаттығудың арқасында Клер өзінің ауруымен мәңгілікке қош айтысты. Қазір Клер спортты өмірлік серігіне айналдырып, ауруды атымен білмейді. Мұндай жағдай бәріміздің де басымызда тууы мүмкін.
Дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Спорт адамды шат-шадымен өмір сүруге жетелейді. Спорт – белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс түрінде өтетін әрекет. Қандай спорт түрі болмасын, халқымыз қайсарлық пен жігерлігімен көзге түсіп, сан сайыста жеңіс тұғырынан көрініп келуде. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранымызды өзге ұлт өкілдеріне тыңдатқан спортшыларымыздың есімдерін біліп, оларды ылғи да мақтан тұтамыз. Біздің елдің футболшылары да мақтауға лайық. Оларға мысал келтірсек: Астана футбол клубы Еуропа лигасы, Чемпиондар лигасы турниріне тұрақты қатысып жүр. Біздің елде Олимпаида чемпиондары көп. Оларға: Дмитрий Баландин, Ниджат Рахимов, Данияр Елеусінов, Александр Винокуров, Серік Сәпиев және т.б. Спортпен айналысуды ұмытпаңыздар!Дене жаттығулары адамның көңіл-күйін ғана көтеріп қоймайды, қанайналым жүйесін жақсартады. Қан қысымы мен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады.
Спорт – адамның рухани әлемі үшін де маңызды. Өйткені, әлсіз әрі қиындыққа көп ретте қарсы тұруға қауқары жетісе бермейтін жандарға мамандар бір ауық спортпен шұғылдануға кеңес береді екен. Күйзеліске ұшыраған сәттерде дене жаттығуларына ден қойсаңыз, жаңа құлшыныс пен тың серпін арқасында ерекше өмір сүруге ұмтыла түсесіз. Бұл да спорттың, дене жаттығуларының бір құдіреті.
Тағы да ғалымдар зерттеулеріне назар салып көрейік. Адам дене жаттығуларымен айналысқан сәтте оның миында да сан мыңдаған үдерістер орын алады. Ми дене қимылдарының әрекетін күйзеліс ретінде қабылдап, оған қарсы күрес жүргізе бастайды. Ағзадан эндорфин гормоны (қуаныш пен ләззәт алу гормоны) мен пайдалы ақуыздар бөлініп, жүйке жүйелері мен миға тарайды. Сол арқылы адам ойы ұшқыр әрі есте сақтау қабілеті жақсара түсіп, көңіл-күйге әсер етеді екен.
Денешынықтыру мен спорт кей кезде адам ағзасы табиғи түрде қажет ететін қимыл-қозғалыс пен күшті іске асырудың қолжетімді түрі болып табылады. Оқушылар мен студенттер үшін денешынықтыру сабақтары мен спортпен шұғылданудың маңызын айтып жеткізу мүмкін емес, жас ағзаға және жетіліп келе жатқан денеге үнемі қозғалыста жүру қажет. Сол себепті спортпен шұғылдануға шақырамыз. Салауатты өмір салтын насихаттап жүрген әр адамның денсаулығы жақсы болады. Сол себепті спорт денсаулық кепілі екенін ұмытпайық! Спорт сенің серігің- жанға дауа, қолға күш. Сергітетін адамды- қимыл менен қозғалыс, – дегендей жазғы демалыс күндерінде спортпен айналысуды ұмытпаңыз!
«WWW.ANYQ.KZ»-ақпарат