Созақ ауданы: терроризмнен сақтануды ұйымдастыруға қойылатын талаптар түсіндірілді

Созақ ауданында террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру шараларына қатысты Түркістан облысынан ақпараттық-түсіндіру тобы арнайы келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Семинарды ауданы әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды ашып, жүргізіп отырды.

Аталған іс-шарада елімізде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылға ерекше назар аудару, діни экстремизмді шектеу, лаңкестік шабуылдарға тосқауыл қою және радикалды діни идеологияның таралуына жол бермеу жайында бірқатар мәселелер талқыланды.

Жиын барысында жауапты мекеме басшыларына осал обьектілердің қорғалуына қатысты нақты тапсырмалар беріліп, кемшіліктер орын алған жағдайда заң аясында тиісті шаралар қолданылатыны жайында ескертілді.

Экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып отыр. Саясатта белгілі бір бағыт ретінде экстремизм радикалды көзқарастарды жүзеге асырудың түрлі әдістерін ұстанады. Ол мемлекеттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қатер төндіріп, зорлық-зомбылықпен, фанатизммен, өздерінің принциптерін қорғай алмайтынымен, ымыраға келмеуімен сипатталады. Өзінің қауіпті тәжірибесінде экстремизм терроризммен тығыз байланыста.

Оның ішінде діни экстремизмнің орны бөлек. Діни экстремизм көп жағдайда саясатпен бірігіп, қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталған және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін құрал. Әлемде болып жатқан жағдайлар қазіргі кезеңде қоғамға тек жай экстремизм ғана емес, әсіресе діни экстремизм өте үлкен қауіп төндіретінін көрсетіп отыр. Оның экстремизмнің басқа түрлерінен айырмашылығы, мемлекеттік құрылымдарды күшпен өзгертуге және билікті жаулап алуға, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға қарсы адамдардың діни ілімдері мен символдарын маңызды фактор ретінде пайдалана отырып, сенім мен діни наным үшін аяусыз күресуге бағытталады.

Қазіргі таңда, «терроризм» мәнінің әмбебап анықтамасы жоқ. Барлығына мәлім, терроризм экстремизммен тығыз байланысты, яғни, экстремизм терроризмнің бір бөлігі болып табылады. Демек, «экстремизм» тұжырымдамасын алдын-ала қарастырмай, «терроризм» ұғымының мәнін ашу мүмкін емес.

Жалпы термин ретінде «экстремизм» қазіргі заманғы саясаттың белсенді айналымына жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында ғана енгізілді. 2003 жылы ЕКПА (Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы) анықтағандай, «экстремизм» – бұл парламенттік демократия принциптерін тікелей немесе жанама түрде қабылдамайтын саяси қызметтің нысаны.

Экстремизм мен терроризмнің танытуы адам өмірінің жойылуына, инфрақұрылымның, рухани, мәдени құндылықтардың жойылуына әкеледі. Бұл жағдайда көбінесе жазықсыз, кездейсоқ адамдар құрбан болады. Теориялық актілер адамдардың психикасына зиян келтіреді, оларды қорқытады. Сонымен қатар, терроризм экономикаға, өнеркәсіптік – сауда байланыстарына зиян келтіреді, елдегі жағдайды тұрақсыздандырады.Адамдар бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүргісі келеді. Мемлекеттің дамуы үшін тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімділік қажет. Терроризм мен экстремизмге әлемдік қауымдастық қарсы тұр. Қазақстан да ерекшелік емес.

1999 жылдың шілдесінде «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заң қабылданды. 2005 жылғы 18 ақпанда Қазақстанда «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мақсатында «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 және 2018-2022 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламалары бекітілді. 2023 жылғы 23 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы Е.Сағымбаевтың басшылығымен ҚР Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысы өтті. 2023-2025 жылдарға арналған экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың кешенді жоспарының іс-шараларын іске асыру бойынша сұрақтар талқыланды. Бұл құжат Мемлекеттік бағдарламаның логикалық жалғасы болып табылады және еліміздің тұрақтылығына төнген жаңа қауіптер мен қатерлерге қарсы тұруға бағытталған.

Экстремизм мен терроризммен күрес күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Бір ғана адам немесе топ қана айналысатын дүние емес, қоғам болып ат салысатын күрделі мәселе. Экстремизмге қарсы тұратын руханият деп айтсақ артық болмас. Өскелең жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп, діни сауатын ашып, дәстүрлі дінімізбен сусындатып, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңдіре алып қана түбегейлі діни экстремизмнің де, терроризмнің де тамырына балта шаба аламыз.

Терроризм проблемасын шешудің күш қолдану әдістері террорлық актіні жасаудың нақты қаупін тек уақытша жоя алады. Қабылданатын мұндай шаралар әрқашан да толыққанды және тиімді бола бермейді. Негізгі тіректі терроризмге алғышарттарды, тарату себептерін бейтараптандыруға жасау қажет. Біздің ойымызша, экстремизм қауіптерін ескерту және алдын алу бойынша жұмыс жасаған кезде адамдардың әртүрлі діни сенімдерге төзімділік және бейбіт өмір сүру идеясын белсенді насихаттау болып табылады.  Осылайша, ұлттық қауіпсіздік органдарына осы құқықты беру экстремистік және террористік құқық бұзушылықтар жасауға жағдайлар туғызатын іс-әрекеттерге жол бермеуге бағытталған болжамдалған нәтижелер мен мақсаттарға қол жеткізді.

Қазіргі уақытта экстремизм мен терроризм мемлекеттер мен қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіруде, олар дінді өздерінің саяси мақсаттарында қолданады. «Шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді) — жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс — әрекет жасаушы дегенді білдіреді. Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады. Яғни, тек менің ғана пікірім болуы керек деген сияқты. Бұл ең алғашқы этаптары болып саналады. Экстремизмнің тағы бір көрінісі басқа біреуді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады. Лаңкесшілер дұрыс бағытқа жол көрсететін адамдардың кеңесіне мүлдем құлақ аспайды. Олар өздерін ең таза кіршіксіз деп санап, басқаның барлығын адасушыларға жатқызып, жөн білетін адамдарды мойындамайды. Міне, осының салдарынан әлемде түрлі төңкерістер мен қантөгістер орын алуда.

Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, кандай да бір белгіленген шектен тыс кету деген мағына береді. «Экстремизм» сөзінің ең жақын синонимі «радикализм». Бұл сөз де жанама түрде мейлі дінде, мінез — құлықта, пікірде болсын, қалыпты, дұрыс деп қабылданған деңгейден ауытқу. Экстремизм жалпы түрде ешбір мөлшерді, тәртіпті мойындамайтын, өзінің шектен шыққан пікірі мен іс — әрекеттері арқылы ерекшеленген адамдарды білдіреді. Саяси ортада пайда болган экстремизм — саяси экстремизм, ал діни ортада пайда болган экстремизм — діни экстремизм деп аталады. Ал терроризм латынның (terror), яғни қорқыныш деген сөзінен пайда болып, экстремизмнің соңғы нүктесі, атап айтқанда адамдарды қорқытып — үркіту, олардың денсаулығына, өміріне қауіп төндіру арқылы өз мақсатына жету әрекетін білдіреді.

Терроризмнің де бірнеше түрі бар. Оның ішінде этникалық терроризм адамның ұлтына, этникалық түріне қарсы жасалған қылмыс түрі. Мұны кейде нәсілшілдік пиғылының нәтижесі деп те атап жатады. Этникалық терриризмге күрдтердің Түркиядағы, шешен содырларының Ресей аймағындағы бірнеше террорлық актілері т.б. мысал бола алады. Діни терроризмге діни идеологияның ықпалымен өзге дін өкілдеріне немесе мемлекеттік құрылымдық жүйелерге қарсы радикалды іс — қимыл түрі жатады. Бұған Қазақстанда да орын алған бірнеше радикалды топтардың құқық қорғау органдарымен арада болған қарулы қақтығыстарын мысал ретінде атап көрсетуге болады.

Діни терроризм түріне діни канондарды бұрмалау арқылы адамдарды радикалдандыру және осы әрекетпен жұрт арасында дүрбелеу туғызу, жазсықсыз жандардың жанын қию әрекеттері жатады. Терроризмнің сондай — ақ криминалдық және идеологиялық түрлері де бар. Сондықтан терроризм мен экстремизмге қарсы тұру проблемасы мемлекеттік деңгейде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу — мемлекеттің міндеті ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғам өкілдерінің міндеті.

Халықсыз билік болмайды, ал — дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы жəне мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тəуелді байланыс бар. Қазіргі таңда, осы терроризм мен экстремизмнің көрінісі мемлекетіміздің ғана емес, бүкіл әлемдік өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жастарымыз дәстүрлі емес діни ағымдардың қырларын білмегендіктен сол ұйымдарға бет бұрып кетеді. Жастардың діни көзқарасы әлі де өзекті мәселе болып табылады және жүйелі талдауды қажет етеді. Жастар — біздің мемлекетіміздің болашағы, ол бізден күнделікті қамқорлық пен тынымсыз ілтипатты қажет етеді. Жастарымыздың адамзаттық болмыстағы, әсіресе, дін саласы сияқты нәзік саладағы құнды бағдарларын білу өте маңызды.

 Жалпы діниэкстремизмнің қалай алдын аламыз. Біріншіден теріс діни ағымның, секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында «Дінтану» сабағымен қоса, дінтану және тарих пәндерінің мұғалімдері ашық сабақ және тәрбие сағаттарында, қауіпсіздік сабақтарында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп, түсіндіріп отырулары керек.

Екіншіден қауіпті діни әдебиетке тыйым болмай, діни экстремизмнің алдын алу мүмкін емес. Сондықтан базарларда, құлшылық орындарында, жер асты өткелдерінде заңсыз сатылып жатқан теріс діни әдебиеттерге құзырлы орган тарапынан тыйым салынуы қажет.Өйткені қарапайым халық діни әдебиеттердің ақ қарасын ажырата алмауы мүмкін.Егерде сатылған теріс діни әдебиет тұтынушының қолына тисе санасын теріс бағытқа улауы әбден мүмкін.

Үшіншіден шетелдерге діни білім алуға жастардың көбі өз бетімен барады. Олар ресми органдарда тіркелмегендіктен, нақты қайда оқығанын да білмейсіз. Соның салдарынан шетелдегі деструктивті діни ағымдардың идеологиясы бізге «экспортталып» жатыр. Сондықтан шетелде діни білім алуда белгілі бір шаралар қабылдау – заман талабы. Шетелде заңсыз құжыраларда оқып келіп, елдің арасына іріткі салып жүрген жастарымыз да жоқ емес.Төртіншіден қазіргі таңда кітап оқитын жастар саусақпен санарлық. Өзіне қажетті барлық мәліметті интернеттен іздеп, оңай қол жеткізе алады. Сонымен қатар діни сауатын да интернеттен алады. Діни сауатты интернеттен аламын деп, елімізде және шетелден ашылған экстремистік сайттардың құрығына байқаусызда түсіп қалып жатады. Сондықтан елімізден және шетелден ашылған экстремистік сайттарды күнделікті құзырлы орган тарапынан бұғатталып отыруы қажет.

Бесіншіден діни экстремизм мен терроризм қылмысымен айыпталушылардың жазасын ауырлату, діни лаңкестіктің алдын алудың бірі болып саналады. 2011 жылдары орын алған лаңкестік оқиғалардың қайталану себебі — қылмыс жазасының жеңіл болуында.Халықтың арасынаүрей туғызып, халықтың өміріне қауіп-қатер төндіретін лаңкестіктің алдын алу үшін қылмыскердің жазасын қандай деңгейде болуын қарастыру демократиялық құндылықтарға қайшы келмейді. Десе де, террорлық қылмысқа ауыр жаза қолдану қылмыскерлерге тән азабын шектіру емес, қоғам үшін діни экстремизм мен терроризмнің жат екендігін бойға сіңіру және басқаларға сабақ болумақсатында іске асырылуы тиіс.

Қорыта келе мәңгілік ел боламыз десек «Мәңгілік ел» идеясын іске асырып, қуатты мемлекетке айналу үшін, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін әрбір қауіпсіздік шараларын дер кезінде алдын алғанымыз жөн деді теолог маман.  Діни экстремизмге, терроризмге қатысты ғаламдық қауіппен тиімді күресу үшін оның алдын алу жұмыстары елімізде ұдайы жүргізіліп келеді. Халықаралық террористік ұйымдардың бұқаралық ақпарат құралдарында, əсіресе əлеуметтік желілер арқылы өз идеяларын мақсатты түрде насихаттауы – радикалды идеялардың Қазақстанда да таралуының негізгі көзі болып отырғандығы белгілі.

Қазіргі күні халықаралық терроризм өзінің қатыгездігімен, зұлымдығымен және ауқымдылығымен әлемдік қауіп-қатерге айналғаны белгілі. Түптеп келгенде терроризм идеологтары өз әрекеттері арқылы мәдениеттер мен діндердің арасына ғана емес, сонымен қатар мемлекеттер мен түрлі халықтар арасына да өшпенділік орнатуда. Ең өкініштісі – дін негіздерін жаңадан таныған, өмірлік тәжірибесі жоқ жастардың санасын улап, дінимсауаттылықтың жеткілікті деңгейде болмауына байланысты экстремистік ұйымдардың арбауына түсіп қалуы. Сондықтан да жастардың діни және құқықтық сауатын көтеру, олардың бойына адамгершілік құндылықтарын сіңіру және теріс идеологияларға қарсы тұра алатын иммунитет қалыптастыру – ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. 

«WWW.ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin