Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ауданда тазалық пен әр сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтау мақсатында лездемелік жиын өткізді. Жиынға жауапты орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округтер мен кент әкімдері қатысты.
Санитарлық тазалық жұмыстарының барысы туралы аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Бекзат Мыңжасаров баяндап, жұмыс барысында орын алған кемшіліктерді слайд арқылы көрсетті. Бұл бойынша жүктелген тапсырмалардың орындалуы сараланып, кемшіліктер орын алған округ әкімдерінің есептері тыңдалды.
Сонымен қатар, ішкі көшелерге төселетін асфальт жабындысы, орнатылатын көше жарықшамдар, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік нысандар секілді әр сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті.
Аудан басшысы аталған мәселелер бойынша салалық орынбасарлары мен жауапты мамандарға нақты міндеттер жүктеді. Әрбір іске аса жауапкершілікпен қарауды қатаң ескертті.
Созақ ауданында халықтың әл-ауқатын жақсарту, сондай-ақ, экономикалық белсенді тұрғындардың санын көбейту, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласы бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, Созақ ауданы көлемінде биыл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда1207 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 4766 жеткен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 94,6 пайызды құрайды. Аудан көлемінде 2023 жылы отыздан астам жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 4 800-ден асқан.
Ауданда қазіргі таңда индустриалды аймақта 5 кәсіпорынға 10 га жер телімі берілген. Олар: «Uko-S Star» Уран тасымалдауға арналған болат бөшкесін шығару, «Uko-S Star» Металл құрастыру зауыты» ЖШС-ні техникалық май тасымалдауға арналған болат бөшкесі, «Дархан-Ас» ӨК өз жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда индустриалды аймақта инвесторларға ұсынылатын 38,2 га жер телімі бар. Осы индустриалды аймақта 5 жоба іске асырылуда. Онда 98 адам жұмыспен қамтылған.
Былтыр инвестициялық 7 жоба іске асырыла бастады. Осы жобалар толық жүзеге асқан жағдайда 1291 адамды жұмыспен қамту көзделуде. Атап айтсақ өңдеу өнеркәсібі саласындағы «Созақ Фосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар өндірісі, «Састөбе» инновациялық комплексі ЖШС-нің тұз сақтау қоймасы, «Казатомөнеркәсіп» ҰАҚ АҚ күкірт қышқылын өндіру, осы аталған үш жоба 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Ал агроөнеркәсіп саласындағы «Атамекен» шаруа қожалығы жаңбырлатып суару, «Дәмен» ш/қ жаңбырлатып суару, «Қуаныш» ш/қ органикалық тыңайтқыш Биогумус өндіру, ЖК «Б.Исаев» Шағын сүт фермасы аталған төрт жоба үстіміздегі жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 2023 жылдың I-тоқсанында 46,6 млн. теңге инвестиция тартылды. Ауданға 25 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу межесі белгіленіп, толығымен орындалды.
Ауданда ағын суды үнемдеу мақсатында Шолаққорған ауыл округінен «Атамекен» шаруа қожалығына 40 га, «Жанболат» шаруа қожалығына 12 га, Таукент кентінен «Сейілбек ата» шаруа қожалығы 10 га, барлығы 62 га аумаққа жаңбырлатып суару қондырғылары орнатылды. 2022 жылдың қорытындысымен барлық санатта 35 445 бас мүйізді ірі қара, 288 829 бас қой-ешкі, 23 656 бас жылқы, 14 375 бас түйе, 25 587 бас құс өсірілуде.
2021 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 95,5 пайызға (37 123 бас), қой-ешкі 112,6 пайызға (256 353 бас), жылқы 95,8 пайызға (24 684 бас), түйе 106,9 пайызға (13 452 бас), құстар 78,5 пайызға (32 594 бас) орындалды. «Сыбаға» бағдарламасы аясында 7000 бас мүйізді ірі қара аналығын тұқымдық түрлендіруге тарту жоспары бекітілсе, жылдың қорытындысымен барлығы 5416 бас мүйізді ірі қара аналығы тұқымдық түрлендіруге тартылды.
Фермерлік шаруашылықтар 3900 бас қой аналығын несиелендіру арқылы сатып алу межесі белгіленсе, жылдың қорытындысымен барлығы 3914 бас қой аналығын несиелендіру жолымен сатып алынған.
Өткен жылдың I тоқсанының қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 3 млрд. 867 млн. 100 мың теңге болып, нақты көлем индексі 103,6% құрады. Ауданға ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу мақсатында бүгінгі күнге 3 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.
«Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру жобасы аясында жеңілдетілген несие алу үшін аудан тарапынан жобаға Созақ және Құмкент ауыл округтері ұсынылды. Осы екі ауылдық округтер бойынша 3 кооператив құрылып, 115 адам мүше болып тіркелді.
Құмкент ауылдық округінен несие алушылар мал басын көбейту болса, Созақ ауылдық округінен несие алушылар отбасылық мал бордақылау алаңдарын ашатын болып бағыттары айқындалды.Бүгінгі күнге несие алушы 24 азаматтың несие қаржысы мақұлданды.
Сондай-ақ, өткен жылдың мамыр, маусым айларына республикалық бюджеттен облыстық бюджетке 8 млрд. 400 млн. теңге қосымша бөлінген болатын. Осы орайда, «Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыру үшін қосымша екі ауылдық округ ұсынылды. Созақ ауданынан қосымша Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтерінің тұрғындары қатысатын болады.
Сонымен қатар, Созақ ауданының экономикасына былтыр 11 млрд. 297 млн. теңге инвестиция тартылып, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 147,9 пайызға немесе 3 млрд. 657 млн. теңгеге артқан.
Сонымен қатар былтыр «Түркістан облысы, Созақ ауданы, Қаратау ауылы, Қазақстан көшесінен жабық шағын футбол алаңының құрылысы» нысанын жүзеге асыру басталып, қыркүйек айында құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда, «Шолаққорған ауылындағы спорт-сауықтыру кешенінің құрылысы» жобасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Нысанның құрылысын бастау үшін 2023 жылға республикалық бюджеттен 300 млн. теңге қаржы қарастырылды. Нысан биылға, яғни 2024 жылға өтпелі болып іске асырылуда. Қазіргі таңда облыстық мемлекеттік сатып-алу басқармасы тарапынан конкурстық рәсімдер ұйымдастырылуда. Бұдан бөлек, «Тасты ауылындағы 75 орындық мәдениет үйінің құрылысы» жобасына тиісті түзету енгізіліп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жоба 2023 жылы басталып, биылғы жылы аяқтау жоспарлануда. Облыстық мемлекеттік сатып-алу басқармасы тарапынан конкурстық рәсімдер ұйымдастырылған.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша «Созақ, Таукент, Жартытөбе және Жуантөбе ауылдарында Беккери шұңқыры» және «Қаратау, Қыземшек, Шу ауылдарында мал өлекселерін тастайтын шұңқыры құрылысы» нысандарын уақытылы аяқтау жоспарлануда. Қазіргі таңда конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде заманауи «Шолаққорған ауылындағы 900 орындық Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп салу» жобасын іске асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тарапынан жобалау-cметалық құжаттама әзірленуде. Жалпы, аудан бойынша құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2022 жылдың I тоқсанының қорытындысымен салыстырғанда 945,0% болып орындалды.
«Созақ ауданында АГТС бар магистральды газ құбыры-тармағын салу» жұмыс жобасы бойынша 2019-2022 жылдар аралығында Жаңатас қаласы бұрылысынан Шолққорған ауылына дейінгі 43,8 шақырым магистральды газ құбыры траншеяға 100 % көмілген. АГТС қондырғыларының орындары дайындалып, қоршау жұмыстары жүргізілді. ВОЛЬС кабельдері жүргзілген. Найзағайдан қорғау прожектор діңгегі (ПМЖ) 5 дана және КТП-10/04кВ дизельдік электростанциясы орнатылды.
2023 жылға АГТС қондырғыларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін тиісті қаржысы қаралып, 2023 жылдың наурыз айында 353 млн. теңге аванс төленді (АГТС қондырғылары дайындалуда). Қалған қаржысына биыл АГТС қондырғылары толығымен орнатылып, табиғи газға қосылатын болады.
Аудан орталығы Шолаққорған ауылын табиғи газбен қамту үшін «Шолаққорған ауылдық округінің газ тарату желісін салу» жұмыс жобасы бойынша 2021-2022 жылдар аралығында 190 шақырымды құрайтын 100-ге жуық көшеде орналасқан 3200 абонентке газ құбыры жүргізілген болатын. Шкафты газ реттеу пункітінің орындары дайындалған. Өткен жылы жылы құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталады. Биыл АГТС қондырғылары орнатылып, іске қосылған жағдайда Шолаққорған ауылы мен Жеткеншек елді мекені тұрғындары табиғи газбен қамтылатын болады.
Жартытөбе, Бабата, Аққолтық елді мекендеріне газ құбыры жүргізілетін жер телімдеріне серветуттар белгіленіп, жерге орналастыру жобалары әзірленді. Ағымдағы жылғы 16 мамырдағы бюджеттік комиссияның қорытындысы бойынша жобалау-сметалық құжаттама дайындауға қаржысы бөлінді.
Аудан көлеміндегі 35 елді мекеннің 29 елді мекеніндегі (2 кент, 27 ауылдық елді мекен) 62 910 адам орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. «Шолаққорған ауылының Ақшам және Наурыз мөлтек аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы» жұмыс жобасы бойынша 2022 жылға 51,0 млн.тг, 2023 жылға 500 млн.тг қаржы бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген. Нысан пайдалануға берілген жағдайда Шолаққорған ауылы тұрғындары тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Созақ, Шақырық елді мекендерін тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту мақсатында жобалау-сметалық құжат (ЖСҚ) әзірлеуге аудандық бюджеттен 2023 жылға қаржы бөлініп, үстіміздегі жылы сәуір айында мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша жоблаушы анықталып, келісім шарт түзілді. Осы жылы ЖСҚ әзірленіп, облыстық, республикалық бюджетке ұсынылатын болады.
Қаратау ауылы тұрғындарын тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірлеуге қажетті қаржыны бөлу жөнінде аудандық бюджеттік комиссияға сұраныс берілді. Қаржы бөлінген жағдайда ЖСҚ әзірленетін болады.Сызған елді мекенінің тозығы жеткен су құбырларын қайта жаңғыртып, тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту үшін қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылған. Алдағы уақытта мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс жұмыстарына қаржы бөлу үшін бюджетке сұраныс берілетін болады.
Қарақұр, Қозмалдақ ауылдарын тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамту мақсатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан ағымдағы жылы жер асты су қорын зерттеу жұмыстары басталды. Қақпансор, Қоңыратарық елді мекендері экономикалық жағынан тиімсіз елді мекендер санатында болғандықтан (халық саны 200-ден кем) блок-модуль кешенін орнату үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан ағымдағы жылы жер асты су қорын зерттеу жұмыстары басталды.
Жалпы аудан көлемінде 917 шақырым автомобиль жолдары бар. Оның ішінде:
– 435 шақырымы облыстық маңызы бар жолдар;
– 79 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар;
– 403 шақырымы елді мекендердің ішкі жолдары.
2022 жылы “Ауыл-Ел бесігі” бағадарламасы аясында республикалық бюджеттен ұзындығы 30,5 шақырымды құрайтын 19 көше жергілікті бюджеттен ұзындығы 3,6 шақырымды құрайтын 4 көшеге барлығы 23 көшенің 34,1 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілгенін айта кеткен жөн.
2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 15,6 шақырымды құрайтын 13 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін республикалық бюджеттен қаржы қаралып, мердігерді анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 11,6 шақырымдық 11 көшеге асфальт жабындысын төсеу үшін қаржы бөлініп, мердігерді анықтау үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде аудан бойынша 403 шақырымды құрайтын елді мекендердің ішкі көшелерінің 239 шақырымы (59%) асфальт болса, 2023 жылдың қорытындысымен 266 шақырымға (66%) жетіп отыр. Сонымен қатар, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 152 шақырымына асфальт жабындысын төсеу жұмыстары 2022 жылы басталған:
«КХ-2 Уланбел-Созақ-Екпінді» автомобиль жолының Шолаққорғаннан Ыбырайға дейін 83 шақырым;
«КХ-57 Созақ-Қарағұр-Бақырлы» автомобиль жолының Созақтан Қарағұрға дейінгі 30 шақырым;
«КХ-56 Жамбыл облысының шекарасынан-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай» Шолаққорғаннан Құмкентке дейінгі автомобиль жолының 39 шақырымы асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Нысандар 2024 жылға өтпелі.
Аудан, қалалардың аумағын көгалдандыру мақсатында облыс әкімдігімен бекітілген іс шара жоспары бойынша 2023 жылы Созақ ауданы аумағында 17650 түп көшет (әлеуметтік нысандардың аулаларына, саябақтар мен жол жиектеріне) отырғызылды. Оның ішінде: 2000 түп көшет Шолаққорған ауылынан Түркістан бағытына шыға беріс облыстық маңызы бар КХ-56 автомобиль жолының жоғарғы бөлігінен «Жасыл белдеу» аумағын 1,6 гектарға ұлғайтылып, сонда отырғызылды. Демеушілер есебінен құрылған аймақ 2022 жылдың көктем айларында Шолаққорған ауылынан Түркістан бағытына шыға беріс облыстық маңызы бар КХ-56 автомобиль жолының екі шетінен 3,2 га жер телімі шарбақтармен қоршалып, 3500 түп көшет (оның ішінде: 2500 түп қара тал, 1000 түп гүжім) отырғызылған. Аталған көгалдандыру аймағына политэлен құбырымен тамшылатып суғару жүйесі жүргізілген.
Созақ ауданында, экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны – 26389, жұмыссыздар саны – 1325 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі – 5,0 пайызды құрайды. Жұмыспен қамтылған халық құрылымында жалдамалы қызметкерлер саны – 19509 адам, өзін өзі жұмыспен қамтығандар – 5555 адамды құрайды.
«Қамқорлық» кешенді бағдарламасы аясында өмірлік қиын жағдайдағы 32 отбасы яғни 224 адамға 9249,0 мың. теңгенің көмегі (азық-түлік, тұрғын үй, киім, жұмыспен қамту және т.б.) көрсетілді.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» Ұлтық жоба шеңберінде атқарылатын жұмыстарды салыстыратын болсақ біршама жоғарғы көрсеткішке қол жеткізілді.
Аудандағы 23 кітапхана мекемелерінде кітап қоры-434677. Мемлекеттік тілдегісі – 302847. Оқырмандарға кітап берілімі 134153 дананы құрады. Жаңадан түскен кітап саны- 510, оның қазақ тіліндегісі -480. Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне мерзімді басылымдарға жазылуына 750,0 мың теңге / басылымы – 86, данасы – 238/, жаңа кітаптар алуға 1 500,0 мың теңге қаржы бөлінген.
Созақ ауданында 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және 1 спорт клубы жұмыс жасайды. Қазіргі таңда Созақ ауданы бойынша 2 стадион, 1 ипподром, 34 кіші футбол алаңшасы, 33 балалар ойын алаңшасы, 9 стрит воркаут, 8 спорттық мәндегі спорт зал, 2 жүзу бассейні бар. Өткен 2022 жылы бөлім тарапынан 182 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілген.
Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты барлық білім беру мекемелерінің саны – 73. Оның ішінде: 35 білім беру орындары болса, (32-жалпы орта, 1 – негізгі, 2-бастауыш), балабақшалар 38 (18-і мемлекеттік, 20-ы жекеменшік). Мектептерде 15 433 оқушы білім алуда. Жалпы, мектепке дейінгі мекемелерде 4147 бала тәрбиеленеді немесе жалпы қамтылуы тиіс баланың нақты 100 пайызы қамтылып отыр. Жайлы мектеп бойынша Ы.Алтынсарин мектебінің құрылысы 2023 жылы басталып, биыл аяқталуы жоспарланған.
Аудан бойынша 1-орталық аурухана, 1 – медициналық санитарлық алғашқы көмек орталығы, 9- дәрігерлік амбулатория, 13 медициналық және 4 фельдшерлік акушерлік бекет орналасқан. Аудандық емхана қуаттылығы тәулігіне 550 науқасқа қызмет көрсете алады. Аурухана құрамы 7 бөлімнен тұрады (терапия, хирургия, гинекология, жансақтау, балалар, жұқпалы аурулар, перзентхана және қабылдау бөлімі). Аудандық емханада рентген, физиотерапия, УДЗ, ЭКГ кабинеттері мен зертхана бөлімі бар. (23 слаид)3 жедел жәрдем бригадасы және 4 шұғыл медициналық көмек бригадасы жұмыс атқарады.
Ауыл тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейту мақсатында аудан тұрғындарына Жылжымалы медициналық кешен қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңда медициналық көмекпен 4001 тұрғын қамтылған, оның ішінде балалар саны – 652.
Жібек жолы көшесінде 55 тұрғын үй, 30 кәсіпкерлік нысан орналасқан. 55 тұрғын үйдің 15-і қалыпты жағдайда, яғни сыртқы қасбеттері мен шарбақтары жөндеуді, ақтап, сырлауды қажет етпейді. Қалған 40 тұрғын үйдің сыртқы қасбеттері мен шарбақтарын сырлап, бояуды қажет еткен болатын. Ағымдағы жылы Жібек жолы көшесінде орналасқан 37 тұрғын үйдің шарбақтары 6 үйдің дарбазалары боялып, 2 үйдің сыртқы қасбеттері ретке келтірілді. Жібек жолы көшесінде орналасқан 19 кәсіпкерлік нысанның сыртқы қасбеттері мен шарбақтары боялып, ретке келтірілді. Әбден тозығы жеткен 1 нысан сүріліп алынды.
С.Қожанов көшесінде 7 тұрғын үй, 56 кәсіпкерлік нысан орналасқан. Аталған көшеде орналасқан 1 тұрғын үйдің сыртқы келбеті қалыпты жағдайда. Қалған 6 үйдің сыртқы шарбақтарына бояу жұмыстары жүргізілді. С.Қожанов көшесінде орналасқан 24 кәсіпкерлік нысанының сыртқы келбеті қалыпты жағдайда, 9 кәсіпкерлік нысанының сыртқы қасбеттері боялып ретке келтірілді. Қалған 21 кәсіпкерлік нысанының сыртқы келбеттерін ретке келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жібек жолы көшесінің бойында егілген ағаштардың барлығына әктеу жұмыстары жүргізілген.
«WWW.ANYQ.KZ»-ақпарат