Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков әр саланың майталман мамандарынан және кәсіпкер әйелдер мен іскер қыз-келіншектерден құралған «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелерін қабылдады.
Ұйым мүшелеріне әрбір атқарып келген игі шаралары үшін алғыс айтып, еркін тақырыпта пікір алмасты. «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің 10 жылдық мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті.
«Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұржамал Майусова ұйымның бүгінге дейінгі атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларына тоқталып өтті. Бірлестіктің 10 жылдық мерейтойына орай шығарылған журналды көпшілікке ұсынып, жаңа журналдың лентасы қиылды.
Айта кетейік, бірлестік әр жылы аудан аумағындағы түрлі қоғамдық шаралар мен қайырымдылық акцияларға белсене араласып келеді. Қайырымды, белсенді қыз келіншектерден құралған бірлестік заңды тұлға ретінде тіркелген. Ұйым арнайы түзілген іс-шара жоспарына сәйкес қамқорлық акциялар мен қоғамдық іс-шараларға мейірімді жүректерімен атсалысып келеді.
«Әлемнің мәні – әйелде, мықтымын десең өзіңді, әйелге барып дәлелде» деп ақын Жүрсін Ерман жырлағандай, әлемнің келбетін, қоғамның ажарын әйелдерсіз елестетудің өзі қиын. Бәрі көз алдымызда. Қазіргі таңда әйелдер қауымы отбасы-ошаққасымен қатар елдің қоғамдық-саяси өміріне, бизнеске, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына белсене атсалысып жүр. Жай ғана атсалысып жүрген жоқ, арасында бизнестің шыңына жетіп, ел құрметіне бөленіп жүргендері де бар. Біз бұдан біз ең алдымен әйел-аналардың рухының мықтылығын, іскерлік қажыр-қайратын анық аңғарамыз.
Қазақ әйелі ертеден қайсарлықтың, батылдық пен төзімділіктің әрі ақылдылықтың символы болған. Тарихымыздың қай кезеңінде болмасын аналарымыз асқан ерлігі мен қатар өнегелі істерімен дараланып отырған. Отбасы мен Отанына қорған бола білген аналарымыздың ізін жалғап,еліміздің алға басуына үлес қосып, әр салада табысты еңбек етіп жүрген қыз-келіншектеріміз бүгінде жетерлік.
Әйелдердің қоғамдық және кәсіпкерлік қызметіне барынша тарту, жұмыспен қамту, отбасылық құндылықтарды нығайту және балалардың құқығын қорғау мақсатында аудан әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясаты жөніндегі комиссия да тұрақты жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар комиссия мүшелері қиын жағдайға тап болған отбасыларға психологиялық көмек көрсету, әйелдерді үйдегі зорлық-зомбылықтан қорғау бағытында нәтижелі жұмыстарды атқаруда.
Әйелдер мен қыздарды қолдау және дамыту жобасына инвестиция салу – елдегі азаматтардың жағдайын жақсартудың ең сенімді жолы. USAID қыздар 10 пайызға көбірек мектепке барса, ІЖӨ орта есеппен 3 пайызға өседі деп есептейді. Білімді қыздар болашақ табысының 90 пайызын отбасына қайта салады, ал ұлдар небәрі 35 пайызын салады. Зерттеулер көрсеткендей, аз қамтылған отбасылардағы қыздарды әлеуметтік қорғауды күшейту және жоғары білім алу үшін жеңілдетілген несие алуға қолдау көрсету негізгі фактор. Қазір Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар кешенінде әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері ерекше орын алады. Әйелдер кәсіпкерлігінің серпінді секторы қалыптасты. Еліміздегі барлық жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің 43 пайызын әйелдер басқарады. Олар осы саладағы барлық жұмыс орнының үштен бірін қамтамасыз етеді.
Халықаралық сарапшылар қауымдастығының пікірінше, елімізде қарастырылған критерийлер аясындағы ең үлкен жетістік – әйелдер мен ерлердің мектепке және кәсіптік білімге қол жеткізудегі толық теңдігі. Яғни елдегі студенттер арасында әйелдердің үлесі – 53,4, магистранттар арасында – 61, докторанттар арасында 63 пайызды құрайды. Сонымен қатар басқару деңгейіндегі жоғары білім беру жүйесінде 21 пайыз қыз-келіншек бар.
Қазір елде жүзеге асырылып жатқан реформалар кешенінде әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері ерекше орын алады. Әйелдер кәсіпкерлігінің серпінді секторы қалыптасты. Еліміздегі барлық жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің 43%-ын әйелдер басқарады. Олар осы саладағы барлық жұмыс орындарының үштен бірін қамтамасыз етеді.
Кәсіпкер әйел табысын арттыра отырып, өзіне қолайлы жұмыс кестесін жұмыс кестесін құра отырып, аз қамтылғандарға берілетін жәрдемақыны қажет етпей-ақ және жақсы медициналық қызмет түрін таңдай отырып,өзінің белсенді экономикалық және әлеуметтік жағдайына қарай қарапайым әйелдерді кемсітушіліктің кейбір түрлерін жеңе алады, алайда, қалыптасу кезеңінде көптеген мәселелер, атап айтқанда, инфрақұрылымға, білім, медициналық және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділік мәселесі кәсіпкерлер өткір болып тұр.
Екінші жағынан, кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдер кәсіпкер ретінде қызмет саласын таңдау кезінде қаржыландыруға өтінім беру кезінде, бизнес әріптестермен байланыста, меншік және кепіл мәселелерін шешу кезінде қоғам мен институттар тарапынан кемсітушілікпен ұшырасады. Кәсіпкер әйелдеркөп жағдайда, ерлерге қарағанда, отбасылық міндеттер мен бизнесті, бала тәрбиесі мен табыс табуды, білім мен бос уақытын бірге алып жүреді. Осы есепте Қазақстандағы кәсіпкер әйелдердің жағдайлары туралы айтылады. Үлгілік демографиялық теңдікке қарамастан және жоғары деңгейдегі білімдері бола тұра, әйелдер 29%-ы ғана компанияларды басқарады. Көбінесе, бұл бизнестің табысы аз, бірақ анғұрлым ашық және әлеуметтік бағдарланған.
Сонымен қатар, кәсіпкер әйелдер заңға бағынады, сыбайлас жемқорлық пен тәуекелден өздерін алшақ ұстайды. Бұл тұрғыда қоғамда әйелдерді бизнеске тарту өте тиімді, себебі ол тұрақтылыққа, заңды сақтауға, сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне ықпал етеді. Сол себепті қоғам алдында әйелдерді бизнеске тартудың қозғаушысы не болуы мүмкін, әйелдер кәсіпкерлігінің дамуын қандай белгілеріне қарай талдауға болады деген сұрақ туындайды. Кәсіпкерліктің дамуы әрдайым реттеушіліктің төмендеуімен, инфрақұрылым мен қаржыландыруға қолжетімділікпен байланысты екенін білеміз, бұл әйелдер кәсіпкерлігінде бұл мүмкін, рас та шығар. Дегенмен, дәстүрлі құндылықтар, кейбір институционалдық ережелер, кейде физикалық жағдайлар да әйелдердің кәсіпкерлікке қолжетімділігіне шектеулер қоятынын түсіну керек. Бұл есеп әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға жауапты тұлғалардың көрсеткіштерін анықтауға, сондай-ақ, осы бағыттағы ілгерілеуді бақылауға болатын кешенді өлшеу әдістерін ұсынуға тырысты.
Қазақстанда статистика бойынша 239 969 кәсіпкердің жалпы санының ішінде 29,2%-н ғана әйелдер басқарады. Шағын бизнесте – 29,4%, орта бизнесте – 16,6%, ірі бизнесте– 13,3%-ды құрайды. Меншік нысаны бойынша әйелдер ЖК-і 52,6% -ды құрайды, заңды тұлға — басшы әйелдер 27,8%-ды, шаруа қожалықтарында –22,8%-ды құрайды. Әйелдер басқаратын жаңа кәсіпорындардың үлесі ерлер басқаратын жаңа кәсіпорындардың үлесінен едәуір асып түседі.
Әйелдер кәсіпкерлігіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі – кәсіпкерлік қызметті бала күтімімен қоса атқару. Әйелдер бизнесті, көбінесе, қарттық кезеңін қамтамасыз ету үшін, яғни орта жасқа келгенде ашады. Бизнесті тіркеуге, ерлерге қарағанда (58%), әйелдер анағұрлым дайын (70%) болады, ал әйелдер көбінесе кірістерінің аз болуына байланысты бизнесті тіркеуді қаламайды, ал ер адамдарда өз бизнесін тіркеуден бас тартудың себебі – салық төлеу және есеп беру қажеттілігіне байланысты. Ресми статистикаға сәйкес, әйелдерде ақы төленбейтін қызметтерге 4 сағат 14 минут, ал еркектерде – тек 1 сағат 28 минут уақыт кетеді. Бизнестің кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды бағалауына жыныс ерекшелігі әсер етпейді: Кәсіпкер ер адамдардың да, әйелдердің де, шамамен 76%-ы мемлекет оларды қолдайды деп санайды, бірақ өзін-өзі жұмыспен қамтушылар арасында пікірлер әр түрлі: әйелдердің 63%-ы бизнеске мемлекет қолдау көрсетеді деп санайды, бірақ өзін-өзі жұмыспен қамтушы ерлердің тек 52%-ы ғана осындай пікірде.
Әйелдердің жерге қатысты бизнеспен айналысу саясатын арттыруды, ауылдарда әйелдер кәсіпкерлігін дамытуды, еңбек нарығына, қаржылық ресурстарға әйелдердің ерлермен тең қолжетімділігінің болуын ер адамдар аса көп қолдамайды — айырмашылық шамамен 10 %-ды құрайды. Ең жоғары айырмашылық жұмыста қоғамның ерлер бөлігімен шоғырлануын талап ететін биліктің сайланбалы органдарындағы өкілдік пен гендерлік бюджеттеу мәселелері бойынша байқалады — айырмашылық 12-15% — ға тең.
Кішкентай балалары бар әйелдердің коммерциялық инфрақұрылым мен ішкі нарық, соның ішінде бухгалтерлер мен заң қызметтеріне қолжетімділігі төмендеу болады, сондай-ақ сотта мүдделерді қорғау қиынырақ болады. Іскерлік қауымдастықтардың, технопарктердің, ғылыми ұйымдардың, әріптестерінің қызметтерін, ерлерге қарағанда, әйелдер аз пайдаланады. Ер адамдарға – көлік шығындары, әділетсіз бәсекелестік, өтімнің болмауы сияқты, кәсіпкер әйелдерге – жоғары бәсекелестік, жалдаудың, жарнаманың қымбаттығы, тұтынушылық сұраныстың төмендігі маңызды болып табылады.
Әйелдер физикалық инфрақұрылымға қатысты байланыстың болуына (телефон, жоғары жылдамдықты интернет), сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, қоғамдық көлік, балабақшалар және медициналық қызметтерге қатысты — талапшыл. Ал ерлер жол сапасына және қалдықтарды кәдеге жарату ға қатысты — талапшыл. Секторлар бойынша әйелдер тұру және тамақтану, білім беру (72-79% — дан астам), сауда, қаржы, өңдеу өнеркәсібі (57-64%) бойынша көрсетілетін қызметтермен көбірек айналысады, ал ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және логистика, тау-кен өндірісі және т.б. әдетте ерлерге тән жұмыс түрлері. Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтердегі гендерлік арақатынас 50:50-ді құрайды.
Әйелдер, көбінесе, аз табысты бизнеспен айналысады, олардың ішінде 67,4% -ы жылына 3 млн.теңгеден аздау (8 мың доллардан аз) табыс табады, ал ерлер арасында, мұндайлар 50%-дан төмен. Табысы жоғары топтарда кәсіпкер ер адамдар әйелдерден әлдеқайда алда болады. Шағын қалаларда ерлерге қарағанда әйелдер белсенді — жаңа кәсіпкерлердің үлесі айтарлықтай жоғары. Сондай-ақ, 3,5 жылдан астам жұмыс істеп тұрған бизнестің үлесі айтарлықтай. Әйелдер бизнеске қатысты шешімдерді ұтымды қабылдайды және заңға бағынушылығы неғұрлым басым.
Әйелдер бизнесіне шарттық міндеттемелерді сақтау тән. Сондай-ақ, әйелдер жұмыста жағымды ахуал құруға жақын. Әйелдер бизнесінде ана болу маңызды фактор болып табылады. Балалар әйелдерді кәсіпкерлік белсенділікке ынталандырады. Кәсіпкер әйелдердің 2,5%-ы кемсітушілікке, 0,6%-ы сексуалды алымсақтыққа ұшырған. Бұл өзін-өзі жұмыспен қамтушы әйелдер арасында екі есе көп. Кәсіпкер әйелдердің арасында 0,2%-ы зорлықзомбылыққа ұшыраған. Көлеңкелі бизнесте бейресми жұмыспен қамтылғандар арасында әйелдер екі есе аз кездеседі, себебі олар көбінесе өз қызметін бизнес ретінде ресми түрде тіркеуге тырысады.
Әйелдерде сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік бар және олар өз қызметінде ерлерге қарағанда сыбайлас жемқорлыққа азырақ ұшырасады. Кәсіпкер ер адамдарға (14,7%) қарағанда кәсіпкер әйелдер бейресми төлемдер жасауға екі есе төмен (7,6%) ұшырайды, орташа сомасы 72 мың теңгені құрайды, ерлермен салыстырғанда 16%-ға аз. Сыбайлас жемқорлық бизнестің ажырамас бөлігі деген пікірді, кәсіпкер ер адамдарға қарағанда (21,4%), кәсіпкер-әйелдер сирек (16,3%) қолдайды; сыбайлас жемқорлық өзін-өзі жұмыспен қамтушы ерлерге қарағанда, өзін-өзі жұмыспен қамтушы әйелдер арасында 4,3 есе аз, ал кәсіпкерлер арасындағы бұл айырмашылық тек — 1,4 есе.
Әйелдер кәсіпкерлігінде бизнестің сәттілігін бағалауға болатын белгілері — бизнесті кеңейту жоспарлары және қаржылық білімнің қажеттілігін түсінетіндігі. Сонымен бірге, сауалнама нәтижелері бойынша, табысқа жетудің болжамдары, бұл — коммуникацияларға, электр қуатына қолжетімділік, қаржыландыруға қабылданбаған өтінімдердің болмауы, балалар білім беру мекемелері болуы. Кәсіпкерлік индексінде статистикалық сенімділікті көрсеткен 5 компонент ұсынылады, атап айтқанда: инфрақұрылымға қолжетімділік, бизнесті кеңейту бойынша жоспарлар, қаржыландыруға қолжетімділік, әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділік. Бұл компоненттер жалпы бизнесті ғана емес, әйелдер бизнесінің даму үрдістерін бағалауға мүмкіндік береді.
Қоғам әйелдің бизнесте өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктері мен құқықтарын мойындай отырып, әйел үшін отбасылық құндылықтар басым екенін құптайды. Кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің өзі ана ретінде, «отбасының ұйытқысы» ретіндегі ролінің маңызды екенін атап көрсетеді, ал бизнес пен кәсіби тұрғыдан өзін өзі көрсетуді екінші орынға қояды, немесе табысқа жетудің жоғарғы стандарттарын белгілей отырып, екі саладан да әйелдерден тең тиімділік күтіледі. Бұл ұстаным әйелге гендерлік роль жүктейді, әйелдің өзін-өзі анықтау құқығын, өзінің қабілетін көрсету әдісін таңдауға шектеу қоюы мүмкін. Бұл сыртқы кедергілер болуы мүмкін, олар ішкі ортаға қатысты, ол айналысатын нәрсеге, сондай-ақ өзінің күмәніне, сенімсіздігіне және дұрыс шешім қабылдағанына алаңдаушылық тудыруы мүмкін.
Елде өзін-өзі қамтамасыз ету, тәуелді болмау және әйелдің жеке бастамасы сияқты қасиеттер қолдау табады дегенге ерлер әйелдермен салыстырғанда сирек келіседі (25,2% және 41,8%). Мұны жоққа шығарған ерлердің жауаптарында (74,8%) өздерінің жеке ұстанымдарын және әйелді неғұрлым пассивті ролде көруге деген ұмтылысы көрінетін сияқты. Бұл деректер гендерлік таптаурындардың ұстанушылар көбінесе ер адамдар екенін көрсетеді. Егер әйелдердің санасында өзгерістер болып жатса және олардың жынысы өзінің қабілетін іске асыруға шектеу болып табылмаса, онда ер адамдардың біразы бұл фактіні қабылдайтын болады. Басқа мәселелермен салыстырғанда, мұнда ерлердің жасы олардың ұстанымдарына айтарлықтай әсер етпейді — 18 жасында да, 50 жасында да ер адамдар әйелдерге қарағанда кәсіпкерлікке қабілетті деп дәлелдеуге тырысады (барлық жас топтарында — 49,3%, 50,2%, 49%). жас әйелдердің өз тағдырларына иелік етудегі шектеулері туралы 18-29 жас аралығындағы жас буын жиі айтады.
Сонымен қоса, әйелдердің кәсіпкерлік қызмет салаларын таңдауда да, бизнесті жүргізу тәсілінде де өзіндік ерекшелігі бар екені мойындалады. Әйелдер өздері жақсы бағдарланған, жақсы көретін және шығармашылық қабілетін іске асыру мүмкіндіктері бар бизнеспен айналысады.
«WWW.ANYQ.KZ»-ақпарат