Созақ кітапханасына 100 кітап сыйға тартылды

Ақпараттық технология қанша жетілсе де, кітапты ештеңе алмастыра алмасы анық. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда айрықша тоқталып өтті.

-Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек. Жастарды кітап оқуға тарта отырып, қоғамды тәрбиелейміз,-деді.

Осы ретте, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызы бастаған ұжым Созақ аудандық орталық кітапханасына келіп, «Ақсүмбе» ауылдық кітапханасына оқырмандардың сұраныстарында жүрген 100 дана кітапты сыйға тартты.

Игі шарада белгілі қаламгерлер Мақсат Қарғабай, Орынбасар Хасенұлы, Әмір Дүйсебекұлы, Бекен Ниязбеков және кітапханашылар мен оқырмандар акцияға қолдау білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітап мәселесіне ерекше тоқталып өткені белгілі. Президент өз сөзінде «Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақты кітапқа құштарлығын оятуымыз керек. Жастарды кітап оқуға тарта отырып, қоғамды тәрбиелейміз» деген болатын. Осы орайда, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясын бастап және осы игі бастаманы қолдауға шақырған болатын.

Кітап білім бұлағы. Кітап білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендіге мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетеледі. Әр адам кітаптың беттің ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды үйренеді . «Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол» деп текке айтылмаған. Кімде де болса білімділікке сәл-пәл болсада құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық.

Қазіргі заманың техниканың дамуына байланысты «кітапханалардың болашағы жоқ» деген сөздің қисыны келмейді. Себебі, компьютер адамның денсаулығыны, әсіресе көзіне зиян. Егер кітапхана болмаса бізден көз қалама. Сондықтанда болашақ адамның өз қолында — кітапхананың әлі де болса маңызы бар екенің дәлелдейік.

Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу &ndash әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», — деп атап көрсеткен Шекспир. Өкінішке қарай, көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын, компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі.

Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата-аналар тым жұмысбасты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине, мұны жауап деуге де келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне мәлім. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес.

Қазіргі уақытта оқырманның көбі оқуға қажетті кітаптарды интернеттен іздеп, алдын ала шағын мазмұнымен танысып алып немесе белгілі бір салада тәжірибесі бар адамның кеңесімен оқып жатады. Бұл – бірден-бір дұрыс шешім. Өйткені бүгінде нөпір жазбаның және видео контенттің ішінде өмір сүріп жатырмыз. Кітап оқуда тәжірибесі қалыптаспаған адамға оқуға ұсынылған кітаптарды негізге алғаны дұрыс. Екінші жағынан, бұрындары кітап оқу сергудің, мәдениет қалыптастырудың бірегей және басты белгісі болса, бүгінде оның баламалары көбейді. Мысалы, тауға барып шаңғы тебу, әлемді аралау, кино көру, музыка тыңдау, сурет салу, мұражай аралау, т.б. көркем әдебиет оқудың маңыздылығымен бірдей саналады. Әркімге әрқалай. Мұның барлығы адамның рухани әрі физикалық дамуына қажетті ресурстар. 

Кітап оқып, оқығанды тоқудың тәсілдерін адам өзінің ақпаратты қабылдау ерекшелігіне, ыңғайына қарай икемдеп алуына болатын шығар. Уақытты тиімді басқару үшін әрбір сәтті оқып, тыңдауға жұмсау керек дегендей кеңестер көп айтылып жатады. Бұл ұсыныс кітап оқуда тиімсіз. Мысалы, қоғамдық көлікте Э.Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесін оқып отырып, жұрттың, көліктің шуылымен мазмұнын түсінбей қаласыз. Арнайы уақыт бөліп, тыныштықта оқығанға жетпейді. Оқығанда біреу мазаңызды алмаса, жақсы ойлар туып, тың идеялар келуі мүмкін. Ең болмағанда жақсы ынта-жігер пайда болады. Кітап ұнаса бақытты күй кешесіз. Көлікте, банк кезегінде тұрған немесе досыңызды күтіп отырған уақыт шет тілін үйренуге қолайлы болуы мүмкін. Түсінбей тыңдай бергеннің өзі мида шартты рефлекс тудырады. Қайта-қайта тыңдала берген нәрсені ми қабылдауға мәжбүр болады. 

Әртүрлі салалар бойынша соңғы уақыттарда шыққан кітаптарды көбірек оқыған дұрыс деп ойлаймын. Кітаптағы баяндаулар қазіргі уақытқа сай сіздің лексиконыңызды, ой-жүйеңізді жаңартады. Стиліңізде жаңа терминдер, түсіндірмелер пайда болады. Жазуыңыз бен сөйлеуіңіздегі оқырманды жалықтыратын ескі таптаурындардан осылай құтылуға болады. Шет тіліндегі кітаптарды да жеңілінен бастап оқыған жөн. Біріншіден, тіл меңгеруге қолайлы, екіншіден, салаңызға қатысты ақпараттарды меңгересіз. Екі-үш тілде жазып, сөйлей алсаңыз, әмбебап маманға айналасыз. «Бір тіл білген – бір адам, екі тіл білген – екі адам» деген түсінік бар. Қандай да бір жаңа дүниені түсінуге қадам жасағанда миға салмақ түсетіні белгілі, оған шыдау керек. Аз уақыт төзімділік танытса, көп нәрсені үйренеді. Сөйтіп, бұрынғы ауыр дүние жеңіл болып шыға келеді. «Оқу – инемен құдық қазғандай» деген халық даналығы бекер айтылмаған.

Қазақтың ұлы жазушысы Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» – дегені белгілі. Әлбетте, кітапты таңдай білу, оны зейінді зеректікпен мұқият талдап оқи білу, ондағы сөздің, ойдың, түйінді тұжырымының құдіретін түсіну мен түйсіну, алған әсерлерді кейін өмірлік қажетіңе жарата білу. Бұл – әрбір адамның білігі мен білім деңгейін, пайымы мен парасатын, көреген кемел кісілігін ұдайы шынықтыра білудің озық та ұтқыр жолдарын айқындай алатын алғы шарттарының бірі.

Кітап оқудың пайдасы неде? Неге кейбір адамдар оқуды әлі де жалғастыруда, тек демалу немесе бос уақытты өткізу үшін ғана емес шығар?Әрине, кітап оқудың пайдасы зор екендігінде сөз жоқ. Жақсы кітапты оқу арқылы адамның білім көкжиегі кеңейеді, ішкі жан дүниесі байыды, сақтау қабілетін арттырады, ақылдырақ болады дегендей. Ал тағы бір кітап оқудың маңызды жағы…:Кітап оқу арқылы адамның сөздік қоры көбейіп, ойлау қабілетін арттырып, өз пікірін еркін жеткізе алады. Оған сөз жоқ өз тәжірибеңде көз жеткізуге болады. Мысалы бір классиктің шығармасын оқысаң-ақ болды, бұрын екі сөздің басын құрамайтын адам, өз ойын жеткізе алатындай дәрежеге жететініне күмән жоқ.

Сондай-ақ оқу логикалық ойлауды дамытады. Оқығаныңды іштей талдасаң, адам психологиясын жетік түсіне бастайсың. Көңіл-күйің болмаса да кітап оқу бір сәт жабырқаудан арылтады, тіпті уақытша болса да уайымыңды басады. Кітап оқудың тағы бір пайдасы адам ағзасының қартаймауына септігі бар екенін оқымыстылар дәлелдеуде. Урсула Ленз — егде адамдармен жұмыс жасайтын Федеральды біріккен ұйымның қызметкері былай дейді: «Егде адамдар үшін кітап оқу пайдалы екендігіне бірнеше себеп бар. Біріншіден, оқылған сөзді санада бейнеге айналдыру қабілеті когнитивті қызметке жақсы әсер етеді. Екіншіден, оқу ойын жинақтауға көмектеседі. Сондықтан оқудың қартайғанда да белсенді ақыл-ойды сақтап қалуға пайдасы бар екен».
Сонымен келтірілген дәлелдер арқылы, сіздерді кітапты ең жақын досы етеді деп үміттенеміз.

Кітап оқуды қашанда пайдалы іске жатқызатыны бәрімізге мәлім. Ал сізге біреу «кітап оқудың қандай пайдасы бар?» десе, қанша дерек келтіре алар едіңіз? Әдетте, адамның ойына 5-тен артық тарау келмейді. Сондықтан назарларыңызға осы мәселені тереңінен ашатын жаднама ұсынамыз:

1. Ойды дамытады. Кітап оқудың басты пайдасы – ой-өрісімізді кеңейтеді. Себебі шығарманы оқу кезінде біз басты идеяны, сюжетті түсіну үшін терең ойға түсеміз. Одан жарқын ой тізбегін түйсінеміз.

  1. Күйзелістен арылтады. Қазіргі заман күйінде адамдардың басты мәселелерінің бірі – күйзеліс, депрессиядан құтылу. Бұл мақсатта қиял-ғажайып, фантаст жанрындағы кітаптарды оқу жақсы көмекші болады.
  2. Сөздік қор көбейе түседі. Әртүрлі жанрдағы еңбектерді оқығанда күнделікті қолданбайтын сан түрлі сөздермен танысасыз. Егер бір сөзді білмей жатсаңыз, сөздік ала жүгіру міндет емес. Кейде белгілі бір терминді түсіну үшін сөйлем не жалпы идеяны білу жеткілікті. Кітапты неғұрлым жиі оқысаңыз, тіл байлығыңыз соғұрлым дами түседі.
  3. Альцгеймер ауруының алдын алады. Соңғы зерттеулер нәтижесі бойынша, кітап оқу ми ауруының алдын алуға көмектеседі екен. Себебі, оқу кезінде миыңыздың белсенділігі арта түседі. Ал бұл оның жағдайына жақсы әсер етеді. Сондай-ақ созылмалы аурулардың жазылуына себепкер болады. Кітаптағы шығарманы талқылау әрі жағымды оқиғаларымен бөлісе оқысаңыз ағзаға сіңген аурудан сауыға бастайды.
  4. Сенімділік ұялатады. Белгілі бір мәселе талқысында біліктілігімізді танытсақ, өзімізге сенімділік пен мінез-құлықта жинақылық байқалады.
  5. Шығармашылықты дамытады. Алғыр (креативті) адамдар бір сәтте бірнеше идея ұсына білуімен ерекшеленеді. Ал ол идеялар қалай туындайды? Әрине, оның қайнаркөзі — кітап. Шығарманы оқу барысында сіз жүзеге асқан біраз идеялардың «куәсі» боласыз, соның арқасында жаңа біліммен сусындайсыз.
  6. Ойлау мен есте сақтау қабілетін жақсартады. Оқу барысында біз кейіпкерлерді, киімін, мінезін, бет-әлпетін, қоршаған ортасын елестетеміз. Сонымен қатар оқиғаны толық түсіну үшін есте сақтауға тырысу керек. Осындай әрекет есте сақтау мен ойлау қабілетін дамытады.
  7. Зейін қойып оқуды үйретеді. Шығарманың мазмұнын дұрыс түсіну үшін зейін қойып оқу керек. Бұл қабілеттің сізге кез-келген жерде, қызметте пайдалы болатыны сөзсіз. Сондай-ақ кітап оқу объективті болуды әрі дұрыс шешім қабылдауды үйретеді.
  8. Кітап оқыған сайын жақсылық пен жамандықты айыртып, жаратылыстың тылсым сыры мен қырына қанықтырып, өмірдегі адамзат өмірінің мəніне бойлатады. Өзіңе және айналаңа құрмет қарауға үйретеді. Қоғамда өз орныңды табуға, яки өмір сүрудің мəні мен мағынасын екшеп, тіршілік тізгінін өз қолыңа алуға үйретеді.
  9. Кітапты көп оқу адамда салихалық әрі көркем көрегендік қадір-қасиеттерді арттыра түседі. Оқумен санаға сіңіру мәдениеттілік пен парасаттылыққа алып келеді. Әрине өмір тәжірбиесінде пайдалана отырып, Абайдың сөзінде: «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ», деген өсиетіндей өмірде өзгеруге ешқашан кеш емес.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin