Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша негізгі бес басымдық

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – еліміздің стратегиялық дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі екендігін атап өтті.


Осы орайда, Президент еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша негізгі бес басымдықты атап өтті.

Бірінші. Сыбайлас жемқорлық жөнінде жүйелі түрде ескертіп отыруға ерекше мән беру қажеттігін айтты. Осыған орай, түрлі саладағы жемқорлыққа жол ашатын жағдайларға сапалы талдау жасау керек.

Екінші.  Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен күрес. Бұл үшін қоғамда жемқорлықтан жаппай жиренуге қол жеткізуіміз қажеттігін, ол үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Үкіметпен бірлесіп, тұрмыстық жемқорлықпен күрес жөніндегі жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Үшінші. Жедел мемлекеттік қызметтерді  цифрландыруға көшіру.

Төртінші. Бизнесті қорғау.

Бесінші. Қоғамдық бақылауды күшейту.

Еліміздің қауіпсіздігі мен халқымыздың амандығы осы бағыттағы жүйелі әрі табанды шараларға байланысты.

Негізгі мақсат – жемқорлықтың тамырына балта шабу, оны түбегейлі жою.

Бұл жұмысты еш созбалаңға салмай, қарқынды түрде жүргізу қажеттігін қатаң ескертті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.