ТҮЛКІБАС: «Білімнің басты құндылықтары: атты секция отырысының күн тәртібі

«Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» атты Абай атындағы мектеп-лицейінде өткен секция отырысының күн тәртібінде біраз мәселелер талқыланды.

Атап айтсақ:

2022-2023 оқу жылында білім беру процесін нормативтік құқықтық қамтамасыз ету

2022-2023 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері,

Оқушыларға сапалы білім беруде тарих пәнін оқытуда әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қолданудың маңыздылығы, Оқытудың жаңа тәсілдерін енгізу арқылы тарих, география пәндерінің білім сапасын арттыру бағытында ұтымды ой-пікірлерімен бөлісті.

Сонымен қатар, «2022-2023 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері», «Мектептегі тарих сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары. «Инклюзив сыныпқа немесе оқушыға тапсырма әзірлеу», «Мектептегі жаратылыстану және география сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары», «Мектептегі құқық негіздері пәнін оқытудың ерекшеліктері», «Тарихты оқытудағы құндылыққа бағытталған білім беру» тақырыбында баяндамалар оқылып, жаңа оқу жылындағы мұғалімдердің атқаратын жұмыстарына бағыт-бағдар берілді. Алдағы уақытта да тиімділігі мол тәжірибе алмасу кеңестерін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Кеңес соңында Уразбаев Дәулетқали Мархабатұлы жаңа 2022-2023 оқу жылында ұстаздарға шығармашылық табыстарға жету жолындағы қажырлы еңбектеріне сәттілік тіледі.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.