
Бүгін Түркістандағы облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында белгілі жазушы, драматург Алишер Рахаттың оқырманмен кездесуі өтті. Шараны Түркістан қалалық педагогика гуманитарлық, техникалық колледжінің аға оқытушысы, ардагер Уголжан Якубовна ашып берді.
Кеш барысында жазушының қаламынан туған «Parallel» кітабының тұсауы кесілді. Кітаптың тұсауын Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Түркістан» газетінің редакция меңгерушісі Ләззат Сарыбаева кесіп, кеш туралы әсерімен бөлісті.
«Параллель» – махаббат туралы роман. Автор кітап атауына тоқталып өтті. Романда кейіпкер өміріндегі қатар болып жатқан оқиғалар көрініс табады. Кітаптың ішіне енген жан екі түрлі әлемге куә болады. Бірі өзіне жақсы таныс қала келбеті мен сондағы жастар әлемі. Енді бірі жалғыз адамның ішіндегі ешкімге айта алмайтын өзіне тән жан әлемі. Яғни, бізге бейтаныс бөгде әлем.
Шара соңында кітапхана директоры Жанат Сәдібекқызы кеш кейіпкері – Алишер Рахатқа арнайы сый табыстап, келген оқырманға алғысын білдірді. Әдеби кеш көпке ой салып, рухани демалыс сыйлады.
835269 543615Hi there! Fantastic stuff, please do tell me when you finally post something like that! 102561
287675 603478Have read a couple of of the articles on your site now, and I really like your style of blogging. I added it to my favorites weblog internet site list and will probably be checking back soon. 977414
152489 813024Thank you for every other informative site. Exactly where else could I get that type of information written in such a perfect indicates? Ive a mission that Im just now operating on, and Ive been at the appear out for such info. 634149