ТҮРКІСТАН: Адами әлеуетті дамыту басқармасының осы аптада атқарған жұмыстарына дай-джест-шолу:

-Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

-Түркістан облысында 13 мамандандырылған мектеп бар. Онда 3721 бала білім алады.

-ҚР Парламенті Сенатының депутаттары «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайрымдылық жобасын зерделеу мақсатында мектептерді аралады.

-«29 қазан- Қамқоршылар күні» мерекесі Түркістан облысындағы барлық білім беру ұйымдарында «Отбасылық қарым-қатынас жылулығы» тақырыбы аясында аталып өтті.

-182 оқушы оқу-жаттығу сабақтарына қатысты. 31 қазан — 4 қараша аралығында мамандандырылған білім беру ұйымдары оқушылардың олимпиадаға дайындығы пысықталды.

-Жамбыл облысында өткен “Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы -2022” байқауында облыс ұстаздары бас жүлде мен І орынды қанжығалап қайтты.

-«Қазақ тілі және қазақ әдебиеті педагогтарының базалық және пәндік құзыреттіліктерін дамыту» атты 80 сағаттық курста педагогтар біліктілігін арттырды.

-Пневматикалық мылтық атудан облыстық турнир өтті.

-«Эвакуациялық жиналу пунктерінің практикалық дайындығын пысықтау» және «Жер сілкінісі кезіндегі оқу-жаттығу» тақырыптарында семинар жиналыс өтті.

-“Жайлы мектеп” ұлттық жобасы жайында басқармада аудан/қала білім бөлімдерінің қатысуымен жиналыс өтті.

-«Oxford University Press» баспасының өкілі бірқатар аудандарда оқыту семинарын ұйымдастырды.

-“IQANAT” олимпиадасы басталды. Негізгі мақсат – ауыл мектептері оқушыларының Қазақстандық және шетелдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына оқуға түсу мүмкіндігіне тең қолжетімділікке ие болуларын қолдау.

-Өңір ұстаздары тәжірибе алмасты. Олар Түркістан NIS-тің ұстаздары дайындаған шағын оқыту мен шеберлік сыныптарға қатысты

-«DANCE BATTLE» би байқауында төлебилік оқушылар бас жүлдені иеленді.

-«Өнерге қанат қаққандар» атты V халықаралық өнер байқауында оқушымыз І орынды жеңіп алды!

-Жаратылыстану — математика цикл пәндері бойынша XV Президенттік олимпиаданың ІІ — кезеңі өтті.

-«Тарих пәнінен оқушылардың фунционалдық сауаттылығын арттыруда белсенді мұғалімнің рөлі» атты тарих пәні мұғалімдерінің қатысуымен аудандық семинар өтті.

-Басқарма басшысы Дінислам Болатханұлының төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті.

-Сынып жетекшілер семинары өткізілді. Шарада «психологиялық паспорт», сыныпта жағымды ахуал орнату, оқушымен тіл табысу тақырыбы аясында сөз қозғалды.

-Облыстың бас ұстазы “Отаным жүрегімде” байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

-Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы кезекті азаматтық қабылдау өткізді.

-Облыс ұстаздары “NXThinking” тренингте белсенділік танытты.

-Оқушылар ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Төлеби ауданы бойынша шекара басқармасында “Ашық есік күніне” қатысты.

-«Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу» тақырыбында семинар практикум болып өтті.

-«Мектептегі Pisa» халықаралық зерттеу бойынша студенттердің психологиялық дайындықтарын қамтамасыз ету мақсатында психологиялық тренинг ұйымдастырылды.

-«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 9,10,11- сынып оқушыларымен іс- шара өткізді.

-«Зерде» зерттеу жобаларының конкурсы өтті.

-“Психологиялық көмек” негізі бойынша кездесу өтті.

-Цифрлық білім беру платформасы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға таныстырылды.

-Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы “Bilim Media Group” ЖШС директоры Рауан Кенжеханұлы мен «Helios soft» (FavorIT) ЖШС басшысы Серік Батырханұлымен кездесті.

-«Менің шағын Отаным» атты V республикалық зияткерлік конкурстан оқушыларымыз жүлдемен оралды.

-Түркістанда республикалық аймақтық педагог форумы өтті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. 197235 692350I dont think Ive scan anything like this before. So great to locate somebody with some original thoughts on this topic. thank for starting this up. This web site is something that is necessary on the web, someone with a little originality. Good job for bringing something new to the internet! 641507

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.