ТҮРКІСТАН: Адами әлеуетті дамыту басқармасының өткен аптада атқарған жұмыстарына дайджест-шолу:

-Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың жүйрік» республикалық ағартушылық жобасында облыс оқушысы республика бойынша үздіктер ондығына енді.

-Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Сауран ауданына жұмыс сапарымен барды.

-Түркістан облысының білім беру мекемелерінде 25-қазан “Республика күні” ұлттық мерекесін атап өту туралы Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы брифинг өткізді.

-Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «Республика» күні қарсаңында облыс аумағында «Отаным-Жүрегімде» байқауын жариялады. Әлеуметтік желіде ең үздік патриоттық рухты көтеретін өлең оқыған 3 адам жеңімпаз атанады.

— «Менің кіші Отаным» атты республикалық зияткерлік конкурстың іріктеуінде облыс оқушылары белсенділік танытып, алдыңғы қатардан көрінді.

-“ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол!”атты науқан Түркістан облысының білім беру ұйымдарында жүргізілді.

-Түркістандық мұғалімдер облыстық спартакиаданың жеңімпазы атанды.

— «Патриотизм дауысы». Барлық білім беру ұйымдарында Түркістан облысының оқушылары,студенттері мен ұстаздар қауымы ҚР Әнұранын бір күнде, бір уақытта шырқады.

-Облыстың бас ұстазы АҚШ-тың бас консулы Кэролайн Сэвиджбен кездесті. Мәртебелі меймандармен кездесуде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев қатысып, келіссөздер жүргізді.

— «Үздік шебер — 2022». Дәл осындай атаумен Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білім ұйымдары педагогтері өзара бақ сынасты.

-Анадолыдағы ІV Халықаралық география конгресіне түркістандық ұстаздар қатысты.

— «Тұран – 2022» облыстық туристік жарысы өтті.

-“Тұран жастары” мектепаралық президент сайлауы өтті. Сайысқа оқу үлгерімі жақсы, үш тілді меңгерген, тәртіптік жазалары болмаған 9-11 сынып оқушылары қатысты.

— «Өнерлі ұстаз -2022» байқауының аудандық кезеңі аяқталды. Енді талантты тәлімгерлер облыс деңгейінде сайысады.

-Республикалық Лингвистика олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.

-Басқарма басшысы кезекті қоғамдық қабылдауда азаматтармен жеке кездесіп, мәселелері мен ұсыныс-тілегін тыңдады.

-Оқушылар асфальтта сурет салып, сайысқа түсті. Басты тақырып: “Республика” күні.

-“Туған елімнің мен патриотымын!” атты

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында 25 қазан «Республика күніне» орай ән айтып, өлең оқудан жарысты.

-Мереке қарсаңында Ордабасы ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Білім ордасының ашылу салтанатына Дінислам Болатханұлы қатысты.

-Түркістанда патриоттық әндер байқауы өтті.

-Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының төралығымен кезекті мәжілістік аппарат жиналысы өтті.

-Басқарманың бастамасымен қолға алынған “Күлтегін” зияткерлік ойыны мен “Turan bala fest” таланттылар сайысының арнайы мерекелік шығаралымы “Түркістан” телеарнасында көрсетілді.

-Облыс мұғалімдері “ Туған ел” тақырыбында сурет салды. Педагогтердің өнер туындысы фотокөрме ретінде ұйымдастырылды.

-Оқушылар, студенттер және жастар ұйымдарының өкілдері арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы эссе байқауы жүргізілді.

— «Қыран елім – Қазақстан» жалпы республикалық патриоттық акциясы шеңберінде оқырмандар конкурсы өтті.

-Оқушылар мен колледж студенттері арасында «Ұлттың ұлы ұстаздары» шығармашылық байқауы болды.

— «Текті сөздің төресі» тақырыбында арнау айту байқауы (домбыраның сүйемелдеуінде) ұйымдастырылды.

— «Республика Күні» ұлттық мерекесі тақырыбында видеороликтер байқауында 500-ден аса бейнероликтер жолданды.

-Басқарма басшысы Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барды.

-Жалпы Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты аудан/қалалық білім беру ұйымдарында түрлі бағытта “Республика” күніне орай 3000 аса мерекелік іс-шара қолға алынды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.