Бүгін Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы №66 Толыбай батыр атындағы мектепте республикалық дәстүрлі «Ақберен» байқауының облыстық кезеңі басталды. Мақсат — 8-11 сынып оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға, шығармашылық қабілеттері мен тапқырлық қырларын ашу, таныту, оларға қолдау көрсете отырып, ары қарай дамуына жол ашу. Байқауға облыс бойынша адами әлеуетті дамыту бөлімдеріне қарасты жалпы орта білім беретін мектептер мен мамандандырылған білім беру ұйымдарынан барлық саны — 147 оқушы қатысуда.