Биыл оқушыларымыздың ең беделді халықаралық зияткерлік олимпиадалардағы жеңістері рекордтық көрсеткішке (27 медаль) жеткенін хабарлаған едік. Бірақ, бір өкініштісі, олардың жеңістеріне әлемдік аренадағы спортшылардың немесе әншілердің жетістіктеріне сияқты қуанып жатқан жоқ.
Десе де мемлекеттің мектеп олимпиадалары жүлдегерлерін құрметтеп, қолдау көрсетуде оң өзгерістерге бет бұрғанын көріп отырмын. Өйткені бұл мәселеде елдің алды болмасақ та, арты емеспіз деп сеніммен айта аламыз. Ел ішіндегі олимпиадалардың ашықтығы да бірнеше есе жақсарды. Бірақ бұл бөлек тақырып.
Ақылды, зерек оқушыларымызға қайта оралсақ. Былтыр олимпиада жеңімпаздары еңбекқорлығы арқасында министрдің атынан алғыс хаттар мен планшеттерге ие болды.
Сол кезде басқа елдерде дарынды балаларға қандай қолдау көрсетілетіні туралы ақпараттарды талдай бастадым. Бәрінен де (мысалы, Түркияға ерекше көзқарас болса да) маған көршілес Ресейдің тәжірибесі ұнады. Онда халықаралық олимпиада жеңімпаздарына сыйақы тағайындалады, сондай-ақ мэрлер, тиісті ведомствоның министрі жеңімпаздармен кездеседі және БАҚ жеңімпаздар туралы кеңінен ақпарат таратады. Менің ойымша, мұндай қолдау шаралары дұрыс бағыт-бағдар береді. Білім – кез келген мемлекеттің болашағы.
Елімізде соңғы бір жылдың ішінде жағдай түбегейлі өзгерді. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы бағытта тиісті жұмысты жүргізуді тапсырып, нәтижесінде балаларға 4,7 млн теңгеге дейін сыйақы, отандық ЖОО-ларда оқуға гранттар берілді. Оқушылардың педагог-тәлімгерлері де назардан тыс қалмай, оларға да біржолғы төлемдер берілді.
Ең бастысы, БАҚ балаларымыздың жеңістері туралы жариялап, қолдау көрсетті.
Республика көлемінде олимпиадалар ұйымдастырып, оқушыларды бүкіл ел намысын қорғауға жіберетін Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығының атқарған жұмыстарын да атап өткенді жөн санаймын.
Шын мәнінде, көп оң өзгерісті көріп отырмын, оның әсері жеңімпаздармен сияқты жақын арада немесе ұзақ мерзімді перспективада байқалады.
Әзербайжанның білім министрі бізге келгенде елімізде олимпиадалардың жақсы деңгейде өтіп жатқанын және оған әзербайжандық балалардың белсенді қатысып жүргенін атап өткен болатын.
Сонымен қатар ауылдар мен қалалардан жиналған 320 оқушымыздың Франциядағы Дүниежүзілік гимназиадаға алғаш рет қатысуы үшін министрлік қызметкерлерінің қалай жұмыс істегені, қанша күш жұмсағаны да есімде. Бұл гимназиадаға қатысқан балаларымыз барлық үмітті ақтап, турнир кестесінде үшінші орыннан көрінген болатын.
Олимпиада өткізудегі динамика сөзсіз дамып жатыр.