
Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің сегізінші отырысы өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Олар:
- Түркістан облысының білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп.
- Түркістан облысы полиция департаментінің Түркістан облысында қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету, халықтың көші–қон саласындағы мемлекеттік қолдау бойынша атқарылған жұмыстары жөніндегі ақпарат туралы.
- Департаментпен ағымды жылғы 1 наурыз — 15 сәуір аралағында «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясында» жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы туралы.
Бірінші мәселе бойынша Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысы Дінислам Болатханұлы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ержан Әліұлы Жүнісов және Қоғамдық кеңестің сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы Үәлихан Анарбайұлы Қайназаров баяндама жасады. Қоғамдық кеңес мүшелері аталған мәселе бойынша тиісті сұрақтар қойып, өзекті ұсыныстарын жеткізді. Және алдағы жұмыс барысында назарға алу қажеттігін айтты.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, Түркістан облыстық полиция департанменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Есербекұлы Айтбаев баяндама жасады.
Үшінші мәселе бойынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ҚР Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма бастығының орынбасары Сәбит Әсілұлы Асылбек, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясында» жүргізілген сыртқы талдау қорытындысын жариялады.
Аталған 3 мәселені Кеңес мүшелері талқылап, шешімдер қабылдады.
Отырысқа баяндамашылардан өзге төмендегі азаматтар қатысты:
Қалқаманов Сәкен Амангелдіұлы — Түркістан облысы әкімінің орынбасары;
Әмбетов Серік Тәжібекұлы-Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының міндетін уақытша атқарушы;
Нахбаев Арун Бауыржанұлы — Түркістан қаласы Ustudy аймақтық тестілеу орталығының операторы;
Тапиев Нұрмахан Әліпұлы — Стратегия және экономикалық даму басқарма басшысының орынбасары;
Тасыбаев Абдрахман Батырбекұлы — Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы;
Қолдасова Оразкуль Шайхиевна — Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы;
Жумабаев Баянғали Абдрахманұлы — Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы;
Шегенбаев Талғат Абылқасымұлы — Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы.