ТҮРКІСТАН: БІЛІМ САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА!

Оқу-ағарту министрлігінде білім саласындағы сапаны бақылауды қамтамасыз ету бойынша өңірлік департаменттердің басшыларымен кеңес өтті.

Мектептерді тексерген өңірлік департаменттердің басшылары білім беру ұйымдарының оқу жылының басталуына дайындығы туралы баяндады.

Күн тәртібінде сыныптарды жинақтау, жөндеу жұмыстарын аяқтау, педагогтердің оқу жүктемесін бөлу, оқулықтармен қамтамасыз ету, мұғалімдерді шамадан тыс есеп беруден босату мәселелері қаралды.

Сондай-ақ бес күндік жұмыс аптасына ауысу да ерекше бақылауда тұр.

Жалпы білім беретін мектептердің директорлары, бөлім және білім басқармалары басшыларымен де бөлек жиын өтті. Білім басқармалары басшыларының есептері тыңдалды. Мектеп директорлары мен білім басқармасы басшыларына өткен оқу жылында бір және одан да көп мөлшерлемемен жұмыс істеген барлық мұғалімді қажетті оқу жүктемесімен қамтамасыз ету және «Жалпыға міндетті білім беру қорынан» қаражатты уақытылы аудару тапсырылды.

Сонымен қатар ата-аналар мен мұғалімдер барлық мәселе бойынша байланысатын білім басқармалары мен бөлімдері жанындағы call-орталықтардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету тапсырылды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.