Бүгін Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының әр бейсенбіге жоспарланған кезекті қоғамдық қабылдауы өтті.
Онда өңірдің әр аймағынан келген азаматтар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды.Ұсыныстарын айтып, ой-пікірлерімен бөлісті.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру ұйымының тәрбиешілер және ата-аналардың балабақшаларға қатысты бірқатар өтініштері мен мәселелері тыңдалды. Басқарма басшысы балабақшаларға қатысты көтерілген мәселелеріне зерделеу жұмыстарын жүргізіліп, оңтайлы шешілуіне білім бөлімдеріне тапсырма берілетіндігін жеткізді. Жұмыс жоспарына сай, айтылған мәселелердің тізімі түзіліп, оның орындалу мерзімі бекітілді. Сондай-ақ, қабылдауға келген барлық тұрғынның мәселелерін тыңдап, сұрақтарға жауап берген басқарма басшысы әрбір тұрғынның мәселесі жіті бақылауда болатынын айтты.