Басқарма басшысы Дінислам Болатханұлы «Құрманғазы» атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебін де аралап, жұмыс сапасымен танысты.
Бірінші кезекте, жыл басында жылыту қазандығы жарылған білім ошағында газды жылыту қазандығы орнатылып, модульды қазандық іске қосылмақ.
Басқарма басшысы жаңа қазандық жүйесімен танысып, жылыту маусымына дайындығын пысықтады.
2014 жылы салынған мектеп ғимаратының жұмыс алаңы 1702,9 шаршы метрді құраса, жобалық қуаттылығы 150 адам.
Дінислам Болатханұлы мектептің техникалық базасы мен қолдану деңгейін бақылап, қауіпсіздігін сақтауға да ерекше мән беруді тапсырды.
Одан өзге, басқарма басшысы жауапты сала мамандарына аталған мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.