
Барлық NIS желісінде волейболдан дәстүрлі спартакиада басталды. Еліміздің төрт өңірінде бастау алған дәстүрлі додаға Түркістандық волейболшы зияткерлер Қызылордадағы химия-биология бағытындағы NIS-те Алматы, Шымкент, Тараз және сырбойылық командалармен бірге бақ сынаспақ.
Сыр өңіріндегі Зияткерлік мектепте өткізілетін аймақтық кезеңге Қызылорда, Алматы, Шымкент, Тараз және Түркістан қаласынан 100-ге жуық волейболшы жиналып, жүлделі орындарды иеленуде 3 күн бойы жарысады.
Спорттық шараның ашылу салтанатында командалар шеруге шығып, көрермендердің ерекше құрметі мен қолдауына бөленді. Қызылордалық зияткерлер әзірлеген музыкалық қойылымда салауатты өмір салты насихатталып, барлық қатысушыларға ойын алдында позитивті эмоция сыйлады.
Алғашқы құттықтау сөз алған Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ спартакиаданың мақсат-міндеттеріне тоқталды:
– Бүгін еліміздің төрт өңірінде – Өскемен, Астана, Атырау және Қызылордада волейбол ойынының аймақтық кезеңдері өтіп жатыр. Тартысқа толы қызық дода болатынына сенемін. Осы үш күнде мектептер арасында байланыс нығая түсіп, оқушылардың достық қарым-қатынасы артады деп ойлаймын.
Қызылордадағы Зияткерлік мектеп директоры Жаңбыржан Бекболатов пен сайыстың бас төрешісі Абай Дауытов жас спортшыларға алдағы ойындарда сәттілік тіледі.
Бүгін спартакиаданың алғашқы күнінде Түркістан NIS командасы жақсы ойын көрсете білді.
Ендеше спартакиадаға қатысушы зияткерлерімізге жеңіс тұғырынан көрінуде сәттілік тілейміз!
980990 264852Lots of writers recommend just writing and composing no matter how bad and if the story is going to develop, youll suddenly hit the zone and itll develop. 349241
817546 730263Spot lets start on this write-up, I seriously believe this remarkable site requirements considerably a lot more consideration. Ill much more likely once once more to read a fantastic deal much more, numerous thanks that info. 479576