Сайрамдағы сапар барысында Дінислам Болатханұлы Қайнарбұлақ ауыл округіне қарасты, Әсіларық ауылында орналасқан №49 Ш.Уалиханов атындағы мектебін аралап, жұмыстарымен танысып қайтты.
2009 жылы пайдалануға берілген білім ордасында 522 оқушы білім алуда.
Мектеп ғимараттарын техникалық тексеру жұмыстарының қорытындысына сәйкес, мектептің кейбір бөліктері (асхана, спорт залының киім ауыстыратын бөлмесі, мектептің А және Б-блоктары) қауіпті деп танылуына байланысты, оқуға жарамды 9 сынып бөлмесі ғана пайдаланылуда, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет екендігі көрсетілген.
2020 жылы мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін, ЖСҚ жасалынып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынған. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы білім мекемесін аралап, сараптамалық қорытындыны қайта өткізу жайында жауаптыларға бірқатар тапсырма берді.
№49 Ш.Уалиханов мектебін күрделі жөндеуден өткізу, 2023 жылы «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасына енгізілген. Тиісті қаржы 2023 жылы қаралады.