Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінде Отбасы күніне орай «Отбасы құндылығы — сарқылмас қазына» атты тақырыпта 9 — сынып жетекшілерінің қатысуымен “Мен баламды қаншалықты танимын?” деген атаумен ата-аналарға дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты: ата — ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Жиын барысында ата-аналар қауымы белсене қатысып, көкейдегі түрлі сұрақтарға жауап берді.