
Алматыда есеп беру кездесуін өткіздім. Жиында көршілес Алматы облысынан келген тұрғындар да өз сауалдарын қоя алды.
Кездесуде алдымен Президенттің шешімдері мен қолдауының арқасында болған өзгерістер туралы айттым.
Жиынға барлығы 300 адам қатысты.
Үш сағаттың ішінде барлық қызықты сұраққа жауап беруге тырысып, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдадым.
Бұл — инклюзивті білім беруді қажет ететін балаларға қолдау көрсету және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған білім беру бағдарламалары, балаларды ауылдық және қалалық мектептерде оқыту және олардың арасындағы алшақтықты азайту мәселелері.
Сондай-ақ мұғалімдердің аттестациядан өту жүйесі, оқушылар арасында олимпиада өткізу, мектеп психологтарының жұмысы, мектеп әкімшілігі ата-аналардан сұрай алатын ақпараттың рұқсат етілген тізімі тақырыптары көтерілді.
Сондай-ақ заңды түрде жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) құзыретіне жататын сұрақтар да қойылды. Мысалы, мектеп құрылысының сапасы, оларды қаржыландыру, мектеп асханаларында балаларға тамақ жеткізушілермен келісімшарт жасау, мектеп автобустарын сатып алу, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету.
Тұрғындар басқа облыстардағы есеп беру кездесулерінде де қойылғандай сұрақтарды, атап айтқанда, еңбек қатынастарына, педагогикалық жүктемеге және т.б. қатысты жеке сұрақтар қоя алды. Кейбір мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелерге тиісті тексерулер жүргізуге қатысты тапсырма бердім.
Қатысушыларға уақыттарын бөліп, ойларын ашық білдіріп, көкейтесті сұрақтарын қойып, білім саласындағы мәселелерге бей-жай қарамағандары үшін алғыс айтамын.
310558 839836I like this internet internet site really a lot, Its a truly good post to read and get info . 151571
94497 788455the most common table lamp these days nonetheless use incandescent lamp but some of them use compact fluorescent lamps which are cool to touch.. 352734
536081 980521Thanks for blogging and i enjoy the blog posting so no public comments.,,,,,,,,,,, 172872
13097 164479Excellent day! Do you know if they make any plugins to protect against hackers? Im kinda paranoid about losing everything Ive worked hard on. Any guidelines? 481994