
Қазақстанның экологиялық қоры ұйытқы болған «Green challenge» ағаш отырғызу республикалық шарасына Түркістан облыстық білім басқармасының өкілдері де ерекше қолдау білдіріп, белсенділік танытты. Бұл акция шеңберінде басқарма ұжымы тал егіп, өңірді жасыл-желекке айналдыруға өз үлестерін қосты.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 10-25 қазан күндері өткізілген іс-шаралар ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі тарапынан қабылданған іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілді. Атап айтсақ,»Жасыл челлендж» экошарасын іске асыру аясында облыс ұстаздары мен оқушыларының, колледж студенттерінің қатысуымен «Отаным – Жүрегімде» әлеуметтік желілердегі Отан, Жер ана, Туған жер тақырыптарында мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Бұдан бөлек, «Атамекен» тақырыбындағы патриоттық диктант жазу сайысы, оқушылар, студенттер және жастар ұйымдарының өкілдері арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы эссе жазу байқауы, «Қыран елім – Қазақстан» атты оқырмандар конкурсы жарияланды. «Патриотизм дауысы» мемлекеттік әнұран барлық білім беру ұйымдарында жаппай орындалды. Оқушылар мен колледж студенттері арасында «Ұлттың ұлы ұстаздары», колледж студенттерінің қатысуымен «Туған елімнің мен патриотымын» облыстық шығармашылық байқаулары болып өтті.
Және де «Текті сөздің төресі» тақырыбында арнау айту байқауы мен «Тарих беттері» тақырыбында фотокөрме, «Республика Күні» ұлттық мерекесі тақырыбында видеороликтер байқауы жүргізілді. «Тәуелсіз елдің ұландары» тақырыбында флешмоб, «TuranBalafest» үздік өнерпаздар телешоуы мен «Күлтегін» зияткерлік ойыны телебағдарламасының Республика күніне арналған арнайы мерекелік шығарылымы жоспарға сәйкес аталып өтті.
959632 962524Nice read. I just passed this onto a buddy who was doing some research on that. He just bought me lunch since I located it for him! Thus let me rephrase: Thanx for lunch! 619559
856724 339856Wow ~ Great stuff ~ Come and look at MY ?? 277314
681754 782930There is noticeably a lot of cash to recognize about this. I suppose you created certain nice points in functions also. 108816
809349 525758I believe this web site contains some extremely very good info for everyone : D. 546534
847478 992152Howdy! I just wish to give a huge thumbs up for the wonderful information you might have here on this post. I will probably be coming back to your weblog for a lot more soon. 356820