Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының полиция бөлімі мен аудандық АӘДБ және Жастар орталығынан құрылған арнайы топ ағымдағы жылдың 19-21 қыркүйек күндері аралығында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Мақсат — кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, ата-ананың қарауынсыз түнгі уақытта адамдар көп шоғырланатын орындарға баруына жол бермеу.
Іс-шара барысында арнайы құрылған топ аудан аумағындағы кафе, саябақ т.б. қараусыз қалған орындарды толықтай аралады. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің ата-анасынның немесе заңды өкілінің қарауынсыз түнгі 23:00-ден кейін өз ауласынан тыс жерлерге баруы заңмен қаралатынын ескертіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.