ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІС ТУЫН ЖЕЛБІРЕТКЕН ҰСТАЗ

«Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбындағы мұғалімдер арасында өтіп жатқан онкүндіктің «Ұлттың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ әліппесі» — білімпаз ұрпақ үшін мирас» облыстық ақындар байқауына қатысқан Ә.Молдағұлова атындағы №34 жалпы орта мектебінің мұғалімі А.Ниязбеков жеңімпаз атанып, бас жүлдені қанжығасына байлап қайтты.

Облыстық білім беруді дамыту бөлімінің әдіскері, тәжірибелі маман А.Аблаеваның басшылығымен өткен сайыс тартысты да қызықты өтіп, әріптестеріміз ақындық өнердің биік өре, тамаша үлгісін көрсете білді. Қара қылды қақ жарған әділ қазылар алқасы да талас тудырмайтын таңдауын жасап, қатысушылар ықыласына бөленді.

Сайыстың аудандық кезеңін мазмұнды да сапалы өткізіп, үлкен жетістіктің бастамашысы болған Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері А.Қарсыбаеваға алғыс білдіреміз.

Кіл мықтылар бақ сынасқан аламанда шашасына шаң жұқтырмай, оза шапқан әріптесімізді осынау айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтап жас ұрпаққа сапалы білім, тағылымды тәрбие берудегі жұмыстарына сәттілік пен толағай табыстар тілейміз.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.