Түркістан облысы, Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 4 мектепте ғимарат ішіндегі қазандықтарды сыртқа шығару және 1 мектептің жылыту қазандығын модульдік қазандыққа ауыстыру үшін мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланған болатын. Нәтижесінде, «Берик Строй Group» ЖШС-3 мердігер мекемесі жеңімпаз атанып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қоса, Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округінде орналасқан Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебіне модульдік қазандық орнату жұмыстары толығымен аяқталды.