ТҮРКІСТАН: «ЗЕРДЕ» ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫНЫҢ КОНКУРСЫ ӨТТІ

Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы мектеп оқушыларының зерттеу жобаларының «Зерде» атты конкурсы өтті.

Аудандық конкурсқа 2–7-сыныптарда білім алатын 142 оқушы қатысты. Зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті, дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету, жұмыстарына баға беру мақсатында ұйымдастырылған конкурстың тіл білімі (қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс, ағылшын тілдері) секциясында 35 оқушының, математика, физика, информатика, робототехника секциясында 28 жас өреннің, тарих, өлкетану, этномәдениеттану секциясында 27 баланың, медицина, валеология, психология, экология, биология, туризм және спорт секциясында 52 оқушының зерттеу жобалары бағаланды.

Тіл білімі секциясында оқушылар таңдаған тақырыптардың өзектілігін дәлелдеп, зерттеу жобаларының маңыздылығына тоқталды. Өз жұмыстарына жан-жақты талдау жасап, идея, шығармашылық көзқарастарымен дараланды. Ал жаратылыстану, этномәдениеттану бағытындағы жобалар эксперименттік зерттеулері мен практикалық маңыздылығымен ерекшеленді.

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.