
Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты Түркістан қалалық орталық ауруханасына, Сайрам және Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына «Euroampli Alien Cardio» жылжымалы ангиографиялық жүйесі орнатылды.
Жылжымалы ангиографиялық жүйесі жабдығымен аурухананың қызметкерлерін танысу және тәжірибелік дағдыларын меңгеру мақсатында Сайрам аудандық орталық ауруханасында Астана қаласындағы көпбейінді медицина орталығының интервентті нейрохургы Б.Қыстаубаев пен Италиядан келген клиникалық маман Фабрис Антонио Джованнидің қатысуымен мастер — класс өткізілді.
Мастер-класс Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының ұйымдастыруымен өткізілді. Мастер-классқа Сайрам аудандық орталық аурухана қызметкерлерімен бірге Түркістан қалалық ауруханасы мен Сарыағаш аудандық орталық аурухана қызметкерлері де қатысты. Мастер-класста 2 кіші инвазивті тері арқылы коронарография отасы мен бас миына 2 церебралды ангиография отасы жасалынды.
«Ми артериаларының тромбозынан туындаған церебральды инфаркт» диагнозы бар 1964 жылғы науқасқа церебральды ангиография және «тұрақсыз стенокардия» диагнозы бар 1961 жылғы науқасқа коронарлық ангиография жасалып, медициналық көмек берілді.
Ангиография – бұл тамырларды зерттеу әдісі, олардың жағдайы мен жұмысын анықтау үшін жүргізіледі. Ол рентген сәулелерінің көмегімен жүзеге асырылады, оның барысында арнайы зат қолданылады. Ми қан тамырларының патологиясына күдік туындағанда немесе оларды диагностикалау қажет болғанда, церебральды тамырлардың ангиографиясы (церебральды ангиография) жүргізіледі.
Коронарлық ангиография – қан мен оттегін жүрекке жеткізетін тамырлардың күйін анықтауға қызмет ететін диагностикалық инвазивті манипуляция. Зерттеу коронарлық тамырлардың тарылу дәрежесін білуге мүмкіндік береді.
Болашақта ангиография құрылғысы арқылы 15 түрлі ЧКВ интервентті кардиология, нейроинсульттік, хирургиялық, нейротравматологиялық, гинекологиялық және т. б. оталар жасалынатын болады. Аталған жұмысты іске асыру мақсатында қажетті мамандар, медициналық құрал — жабдықтар, ғимараттар, қосымша медициналық қызметтер дайындалды.
836490 354728I genuinely enjoy looking by means of on this web web site , it holds superb articles . 581770
682975 62561Soon after study several of the weblog articles for your internet internet site now, and i also genuinely such as your strategy for blogging. I bookmarked it to my bookmark internet internet site list and are checking back soon. Pls take a look at my internet page in addition and tell me what you believe. 194446