ТҮРКІСТАН: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ ТАПТЫРМАС МҮМКІНДІК!

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 15 қараша күні республика бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Жұмыс беруші күні» ашық есік күні өтеді.

Мақсат — экономиканы кадрлармен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар мен колледждер арасында тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату.

Қатысушылар (мақсатты аудитория) — басшылар және (немесе) өкілдер:

— қамқорлық алған кәсіпорындар (ұйымдар);

— дуальды оқытуға қатысатын кәсіпорындар;

— мақсатты кадрларды даярлауға қатысатын кәсіпорындар;

— колледжбен ынтымақтасуды жоспарлап отыратын кәсіпорындар;

— жергілікті атқарушы органдар;

— «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы;

— жұмыс берушілер қауымдастығы;

— ТжКБ мәселелері бойынша өңірлік, салалық кеңестер;

— бұқаралық ақпарат құралдары.

Жұмыс берушілермен кездесу бағдарламасы (өңірлік білім басқармасымен келісіліп ТжКБ ұйымының басшысымен бекітіледі).

Жұмыс берушілермен кездесу бағдарламасына мынадай іс-шараларды енгізу ұсынылады:

1) жұмыс берушілер үшін колледж бойынша танысу экскурсиясы (оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар, «Жас маман» жобасы бойынша құзыреттілік орталықтары);

2) оқытушылар мен студенттердің жұмыс берушілермен диалог алаңында кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша кездесулері;

— кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті негізгі нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру (академиялық тәуелсіздік, дуальды оқыту, кәсіпорындармен колледждерді қамқорлыққа алу, мақсатты мемлекеттік білім беру тапсырысы, кәсіпорындарда мұғалімдердің тағылымдамасы және т.б.);

— жетекші кәсіпорынның жұмыс тәжірибесі (слайд көрсету, кәсіпорынды дамытудың жетістіктері мен перспективалары туралы бейнематериал, колледжбен ынтымақтастық, түлектерді жұмысқа орналастыру, мұғалімдердің тағылымдамасы);

3) «Жұмыс беруші мен жас маманның жұмысқа қабылдау жөніндегі келіссөздері» іскерлік ойындарын, пікірталас, тәлімгерлермен тренингтерді, кәсіпорындармен танысу экскурсиялары, жұмыс берушіден жаңа технологияларға шолу жасау бойынша қонақ лекцияларын өткізу;

4) жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің үздік жұмыс берушілерді грамоталарымен (құттықтау хаттарымен) марапаттауды ұйымдастыру;

5) меморандумдар мен келісімдерге қол қою;

6) колледж ұжымының шығармашылық тұсаукесерін, бос жұмыс орындар жәрмеңкесін, көрмелерді және т.б. ұйымдастыру.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.