ТҮРКІСТАН: МАҢДАЙША МЕН ЖАРНАМА ТАЛАПҚА САЙ МА?

Шаһардағы маңдайшалар мен жарнамалардың талапқа сәйкестігі күнделікті бақылауда.

Құрамында қалалық «Сәулет және қала құрылысы бөлімі», Полиция басқармасы, Төтенше жағдайлар басқармасы мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшылары жиналған жұмысшы топ әр аптада кәсіптік нысандарды аралап, қадағалау жүргізуде.

Соңғы рейдтік бақылау кезінде екі жүзден аса нысан араланды. Нысан иелеріне жарнама мен маңдайша жазуларына қойылатын талаптар түсіндіріліп, қала тазалығын сақтау бойынша да ескертпелер берілді.

Нәтижесінде, кәсіпкерлік нүктелердегі жүйесіз жасалған жарнамалар, маңдайшалар, хабарламалар реттелді.

Айта кетейік, ережеге сәйкес, ілінген жарнама, маңдайша немесе хабарлама иелеріне ескерту берілгеннен кейін 13 күн уақыт белгіленеді. Аталған мерзімде жарнама, маңдайша немесе хабарлама реттелмесе, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 455-ші бабы бойынша хаттама толтырылып, заңға сәйкес шара көріледі.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.