ТҮРКІСТАН: Облыс ұстаздарына арналған «Shell NXplorers» тренингі сәтті аяқталдыТҮРКІСТАН: Облыс ұстаздарына арналған «Shell NXplorers» тренингі сәтті аяқталды

Ғылым мен технология, инженерия және математика (STEM) саласындағы жаһандық флагмандық, жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге және нақты әлемдегі күрделі мәселелерді шешуге арналған құралдар мен дағдылармен жабдықтауға бағытталған бағдарлама Nxplolers тренингі Түркістан облысының ұстаздарының сыну ойлау дағдысын қалыптастыруда сәтті аяқталды. Өңірдің барлық аудандары мен қалаларынан физика,химия, биология пәндерінің мұғалімдері қатысқан тренинг барысында қатысушылар Shell NXplorers әдістемесінің 7 құралымен танысты:

— мәселені анықтау;

— негіздемелік сұрақ;

— байланыс шеңбері;

— SCAMPER әдісі;

— жүзеге асырушылық құйғысы;

— судағы шеңберлер әсері;

— сендіру пирамидасы

Қатысушылар командаларды құра отырып, тұрақты даму мақсаттарына жету үшін «Азық-түлік – су – Энергия» сияқты міндеттерді шешті. Топтық жұмыс, топтық ойындар мен тапсырмалар қатысушыларға бір-бірімен жақынырақ танысуға, желілік дағдыларды дамытуға, проблемалардың күрделілігі жағдайында шешім қабылдауды үйренуге, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын игеруге мүмкіндік берді. Соңында барлық қатысушылар тренинг жайында өз ойларын білдіріп, тиімді кері байланыс орнатты.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.