ТҮРКІСТАН: «ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «КІТАП ОҚУ БАЙҚАУЫ» ӨТТІ

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Ө.Жәнібеков атындағы №4 орта лицей-интернат кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқу байқауы» өтті.

Мақсат — баланы кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ әдебиетін, ақын-жазушылар шығармаларын терең зерттеуге және жас ұрпақтың бойына кітапсүйгіштік сезімді қалыптастыру.

Ережеге сай, байқаудың алғашқы кезеңінде оқушы өзін-өзі таныстырады. Содан кейін оқыған кітаптарын айтып, соңынан эссе жазып береді.

Қазылар алқасының шешімі бойынша

І — орынды О.Қасиет;

ІІ — орын Е.Қуанышұлы, А.Шаяхмет;

ІІІ — орынды Ә.Маратқұл Әсия, Болысбек Рауан, Ережепова Ақнұр, Аяла Айтбекқызы иеленіп, үздіктер қатарынан көрінді. Қалған қатысушылар да арнайы Дипломдармен марапатталып, аталған жобада ерекше белсенділік таныта білді.

Кітап — терең ойлауды, есте сақтау қабілетімізді жақсартып, зейін-зерде, ақыл-ойымызды еркін жеткізуге жаттықтырады. Дәлелді сөйлеуге дағдыландырады.

Сөз құдіреті мен қасиетін ұғындырады. Қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі, бәсекеге қабілетті азамат болып өсуіміз үшін терең білім, ғылым қажет. Сонда ғана біз биік шыңдарды бағындыра аламыз.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.