ТҮРКІСТАН: Саналы ұрпақ – ұлт болашағы

Бүгін 22 қыркүйек күні еліміздің елеулі мерекелерінің бірі — Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күні. Осы мереке қарсаңында «Халқымыздың тарихында ерекше орны бар «Ұлт ұстазы» атанған Алаш көсемі, қазақтың біртуар перзенті Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арнап, Түркістан қаласының Адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Балдырған» бөбекжай балабақшасында мерекелік іс-шара аталып өтілді.

Балабақша шаңырағының астында қазіргі таңда ұстаздар мен балалар бірге оқып-үйреніп, еңбек етуде. Ұйымдастырушылар 22 қыркүйек күні тойланатын Тілдер күнінің құндылығы мен маңыздылығын баяндады. Шараның ашылу салтанатында Әнұранымыз шырқалып, өнерлі кішкентай бүлдіршіндер тіл туралы түрлі өлеңдерін, билері мен әндерін орындады. Олардың көрнекті киімдері, орындаушылық шеберліктері қонақтарға жақсы көңіл күй сыйлады. Өнерлерін ортаға салған бүлдіршіндер тәрбиешілерімен «Ұлттың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов» атты қойылым көрсетті.

Шара барысында арнайы Түркістан қалалық мәслихатының депутаты, «Ақ жол» Демократиялық партиясының мүшесі Ардақ Үсенұлы мен қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлының атынан бүлдіршіндерге сыйлықтар үлестірілді. Ұлт болашағының бүгінгі кепілі балаларға Түркістан қалалық мәслихат депутаттарының ақ тілектері мен құттықтаулары жеткізілді. «Сегіз қырлы, бір сырлы» балапандардың атсалысумен өткізілген мерекелік шара жоғарғы деңгейінде ұйымдастырылды.

Ad Widget

Recommended For You